2010 жылы Бесқарағай ауданының шақыру учаскесінде азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімінің 2010 жылғы 19 қаңтардағы N 31-1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бесқарағай ауданындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 ақпанда N 5-7-75 тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі N 1319 хатымен

      Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2010.04.21 N 1319 хатымен.
      
      Бесқарағай ауданының шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарды тіркеуден өткізу мақсатында "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 Заңының 171844-баптарын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасы, "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 қаулысын басшылыққа ала отырып, ШЕШЕМІН:
      1. Бесқарағай ауданының шақыру учаскесінде заңмен белгіленген мерзімде 1993 жылы туған азаматтарды тіркеу өткізілсін.
      2. Шақыру учаскесінде тіркелетін 1993 жылы туған азаматтарды медициналық куәландыру 2010 жылдың 29 қаңтарынан 2010 жылдың 31 наурызы аралығында жүргізілсін.
      3. "Бесқарағай аудандық медицина бірлестігі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорына (Сон Б. Г.) (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
      1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлер бөлу;
      2) жатып емделетін орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелерінде тіркеу жөніндегі комиссияның жолдамалары бойынша азаматтарды қосымша тексеру үшін бос орындар ұстау;
      3) қажетті мөлшерде медициналық аспаптар мен мүлікпен қамтамасыз ету;
      4) тіркеу учаскесіне тіркеу жүргізіліп, емделуге мұқтаж шақырушылардың тізімдерді тапсырылған соң, оларды емдеу мекемелеріне бекітіп, толық емделіп шығуын ұйымдастыру.
      4. Ауылдық округтердің әкімдері тіркелуге тиісті азаматтарды ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын
      5. "Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Туктыбаев Ә.) мүгедек деп танылған барлық адамдар туралы мәлімет берсін.
      6. "Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Баталов Б. Ж.) міндеттелсін:
      1) әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу және білім деңгейін тексеру;
      2) әскери-техникалық мамандық бойынша даярлауға үміткерлерді іріктеу.
      7. Бесқарағай аудандық ішкі істер бөліміне (Шарипов Ұ. М.) (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
      1) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттері мен басқадай қылмыстары үшін тергеуде жүрген, тіркелуге тиісті азаматтар туралы қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарлау;
      2) "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындаудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру.
      8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Е. Рахметуллинге жүктелсін.
      9. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі                                 Т. ЖЕКСЕМБАЕВ
      
      КЕЛІСІЛГЕН:
      
      Бесқарағай аудандық қорғаныс
      істері жөніндегі бөлім бастығы              А. Олжабаев
      
      
      «Бесқарағай аудандық
      медицина бірлестігі»
      МКҚК директоры                              Б. Сон.
      
      
      Бесқарағай аудандық
      ішкі істер бөлім бастығы                    Ұ. Шарипов.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады