Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарды тіркеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы N 9 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 12 ақпанда N 5-9-124 тіркелді. Күші жойылды - Глубокое ауданы әкімінің 2010 жылғы 01 сәуірдегі N 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Глубокое ауданы әкімінің 2010.04.01 N 10 шешімімен.

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ Заңының 17-бабына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 37-бабын, 31-бабының 1-тармақ 8) тармақшасын басшылыққа алып, Глубокое ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ шақыру учаскесінде 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркеу жылында 17 жасқа толатын 1993 жылы туған еркек жынысты азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
      2. «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ бастығының міндетін атқарушы Б.О. Жапаровқа ұсынылсын (келісім бойынша), "Глубокое білім беру бөлімі" ММ бастығымен, «Глубокое аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі» ММ бастығымен бірге түсу емтихандарына кіретін пәндер бойынша білім деңгейін алдын ала тексеруді, кандидаттардың дене дайындықтарын, әскери-оқу мекемелеріне кандидаттарды іріктеуді өткізсін.
      3. Қоса беріліп отырған Жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қызметке дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспары, 1993 жылы туған азаматтардың медициналық комиссияға келу кестесі бекітілсін.
      4. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне:
      1) 1993 жылы туған азаматтарды бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылған және уақытында тіркеуге келуін қамтамасыз етсін;
      2) тіркеу барысында айқындалған науқас шақырылушылардың емделуіне, жастарды әскерге шақыруға дайындыққа бақылауды күшейтсін.
      5. Меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым басшыларына, шаруа қожалықтары басшыларына «Глубокое аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ шақыру пунктіне тіркеу жасындағы тұлғаларды тіркеуден өту үшін уақытында жеткізуге кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне көмек көрсету ұсынылсын.
      6. «Глубокое ауданының ішкі істер бөлімі» ММ бастығы Р.Т. Рамазановқа ұсынылсын (келісім бойынша):
      1) «Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ және кенттер және ауылдық округтер әкімдеріне тіркеуден жалтарғандарды іздестіру және шақыру пунктіне жеткізуге, сондай-ақ тіркеу уақытында шақыру пунктінде тәртіп сақтау үшін бір қызметкерді бөлуге көмек көрсетсін;
      2) 1993 жылы туған азаматтарды тіркеуден өткізу келісілген кесте бойынша учаскелік полиция инспекторларының еріп жүруімен қамтамасыз етілсін.
      7. «Глубокое ауданының медициналық бірлестігі» КМҚК директоры М.С. Ластаевқа ұсынылсын (келісім бойынша):
      1) медициналық комиссияны білікті маман-дәрігерлермен, орта медициналық қызметшілермен, қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен жабдықтасын;
      2) әскерге шақырылушылардың клиникалық тексеруден өтуі және емделуі үшін қажетті мөлшерде төсек-орын бөлінсін. Шақырылушылардың стационарлық жағдайда емделуіне кеткен өтем ақы шығыны мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ұсынылған тізілім бойынша жүргізілсін;
      3) шақырылған құрамның флюорографиялық тексерілуі, электрокордиограмма және қажетті сараптамаларды тапсыруы қамтамасыз етілсін. Аталған тексеру үшін қажетті мөлшерде медициналық қызметкер бөлінсін;
      4) медициналық комиссияның жұмысы «Глубокое аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ шақыру пунктінде келісілген кесте бойынша ұйымдастырылсын. Шақыру пунктіне шақырылушылар жеткізілмеген жағдайда (сәтсіз ауа-райы, көліктің болмауы) қосымша күндер қарастырылсын.
      8. "Глубокое білім беру бөлімі" ММ бастығы М.Ж.Асамбаевқа:
      1) «Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» ММ 1993 жылы туған оқымайтын бозбалалар туралы ақпарат ұсынсын;
      2) жалпы білім беретін және кәсіби мектептерде оқитын бозбалаларды алып бару үшін алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-мұғалімдер бөлінсін;
      3) Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қызметіне бозбалаларды дайындауда жалпы білім беретін және кәсіби мектептерге тәжірибелік көмек көрсетілсін;
      4) тіркеу барысында ауданның оқу мекемелерінде патриоттық және тәрбиелік іс-шаралар жүргізілсін.
      9. «Глубокое ауданының қаржы бөлімі» ММ бастығы К.С.Кәрібаевқа:
      2010 жылға арналған аудандық бюджетте белгіленген көлемде уақытында қаржыландыру жүргізілсін.
      10. "Глубокое аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды тіркеу туралы" Глубокое аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 1 шешімінің (2009 жылғы 17 ақпандағы № 5-9-99 нормативтік құқықтық актісін мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, аудандық «Огни Прииртышья» газетінің 2009 жылғы 20 ақпандағы № 8 санында жарияланған) күші жойылды деп саналсын.
      11. Глубокое ауданы әкімінің «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарды тіркеу туралы» 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 8 шешімі жойылсын.
      12. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М.Н. Пономареваға жүктелсін.
      13. Шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Глубокое ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                   В. Лаптев

Глубокое аудандық әкімдіктің 2010 жылғы
11 қаңтардағы № 9 шешімімен
бекітілген

1993 жылы туған азаматтардың медициналық комиссияға келу
КЕСТЕСІ

№ р/с

Елді мекендердің, кенттер мен ауылдық округтердің атауы

Жалпы саны

25.01.

26.01.

27.01.

28.01.

29.01.

01.02.

1

Алтайский кенті

12

12






2

Белоусовка кенті

48





48


3

Белокаменка ауылы

8





8


4

Бобровка ауылдық округі

16




16



5

Веселовка ауылдық округі

13

13






6

Верхнеберезовский кенті

15

15






7

Глубокое кенті

38



10

28



8

Калинин ауылдық округі

4


4





9

Кирово ауылдық округі

32



32




10

Кожохово ауылдық округі

17

8





9

11

Краснояр ауылдық округі

23


23





12

Куйбышев ауылдық округі

7






7

13

Малоубинка ауылдық округі

7






7

14

Опытное поле ауылдық округі

25







15

Секисовка ауылдық округі

9






9

16

Ушаново ауылдық округі

12


12





17

Фрунзе ауылдық округі

15







18

Черемшанка ауылдық округі

19








БАРЛЫҒЫ:

320

48

39

42

44

56

32

      кестенің жалғасы:

№ р/с

Елді мекендердің, кенттер мен ауылдық округтердің атауы

Жалпы саны

02.02.

03.02.

09.02.

16.02.

25.02.

01.03.

1

Алтайский кенті

12







2

Белоусовка кенті

48







3

Белокаменка ауылы

8







4

Бобровка ауылдық округі

16







5

Веселовка ауылдық округі

13







6

Верхнеберезовский кенті

15







7

Глубокое кенті

38







8

Калинин ауылдық округі

4







9

Кирово ауылдық округі

32







10

Кожохово ауылдық округі

17







11

Краснояр ауылдық округі

23







12

Куйбышев ауылдық округі

7







13

Малоубинка ауылдық округі

7







14

Опытное поле ауылдық округі

25

25






15

Секисовка ауылдық округі

9







16

Ушаново ауылдық округі

12







17

Фрунзе ауылдық округі

15


15





18

Черемшанка ауылдық округі

19

19







БАРЛЫҒЫ:

320

44

15





      «Глубокое ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі» ММ
      бастығының міндетін атқарушы майор           Б. Жапаров

Глубокое аудандық әкімдіктің 2010 жылғы
11 қаңтардағы № 9
шешімімен бекітілген

Жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне
қызмет етуге дайындау жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ

Аты

Орындау уақыты

Орындалуына жауапты адамдар

1

1993 жылы туған бозбалаларды шақыру учаскесіне тіркеу туралы және оларды әскери қызметке дайындау жөніндегі міндеттер туралы аудандық әкімге баяндау.

2010 жылдың 15 сәуіріне дейін

Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін атқарушы (келісім бойынша)

2

Тіркелген бозбалаларға "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарынан, оларға қатысты бөлігін оқыту.

Тіркеу барысында

Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери қызметкерлерді  келісім-шарт бойынша және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша)

3

Тіркелген тұлғалар ішінен орта білімді және еш жерде оқымайтындарды анықтау.

Тіркеу барысында

Әскерден тыс және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша)

4

Мед. куәландыру барысында емделуді және бақылауды қажет ететін тұлғаларды анықтап, оларға емделу туралы нұсқауды тапсыру.

Тіркеу барысында

Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери қызметкерлерді  келісім-шарт бойынша және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша)

5

Емделуді және бақылауды қажет ететін бозбалаларды есепке алу журналында екі тізім бойынша есепке алу. Бозбалалардың емдеу мекемелеріне баруының қажеттілігі туралы оқу мекемелері, кәсіпорындарының бастықтары мен ауылдық және кенттік округ әкімдеріне хабарлау және тізім көшірмелерін жасөспірімдер кабинетіне жіберу.

Бескүндік мерзімде

Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери қызметкерлерді  келісім-шарт бойынша және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша)

6

Танып білуге жататын бозбалалардың, шақырылушылардың тізімінің танып білу жоспарын құрасын, және қорғаныс істері жөніндегі бөлім офицерлеріне танып білудің нақты бір мерзімі көрсетіліп берілсін.

2010 жылдың 15 сәуіріне дейін

Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери қызметкерлерді  келісім-шарт бойынша және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша)

7

Сержанттарды дайындау үшін кандидаттардың кәсіби-психологиялық іріктеуін өткізу.

2010 жылдың 15 сәуіріне дейін

Кәсіби іріктеу тобы (келісім бойынша).

      «Глубокое ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі» ММ
      бастығының міндетін атқарушы майор           Б. Жапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады