"Халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау шаралары туралы" 2009 жылғы 1 шілдедегі № 221 қаулысына өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы N 487 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 17 наурызда N 5-9-126 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Глубокое ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 ақпандағы N 81 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Глубокое ауданы әкімдігінің 2012.02.27 N 81 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау шаралары туралы» Глубокое аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 1 шілдедегі № 221 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 27 шілдеде № 5-9-110 болып тіркелген, «Огни Прииртышья» газетінің 2009 жылғы 7 тамыздағы № 32 санында жарияланған), қаулысына келесі өзгерту енгізілсін:
      Жоғарыда аталған қаулымен бекітілген «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Нұсқаулығының» қосымшасында 2 тараудың 6 бабы алынып тасталсын.
      2. Қаулы алғаш рет ресми жарияланған бірінші күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М.Н. Понамареваға жүктелсін.

      Глубокое ауданының әкімі                   В. Кошелев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады