«Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылғы сәуір-маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Зырян ауданы әкімінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 648 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі N 121 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 8 қарашада N 5-12-112 тіркелді. Күші жойылды - Зырян ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы N 369 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Зырян ауданы әкімдігінің 2011.03.18 N 369 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) қаулысымен.

      Әскери шақыру комиссиясының мүшесі Зырян ауданы әкімінің орынбасары Е.К. Кубентаевтың жұмыстан шығуына байланысты «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылғы сәуір–маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеу Реестріне № 5-12-105 тіркелген, 2010 жылғы 14 маусымдағы «Зырян Инфо» газетінде жарияланған) Зырян ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 648 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      әскериге шақыру комиссиясының құрамына Зырян ауданы әкімінің орынбасары Николай Ефимович Игнашин - әскерге шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары болып кіргізілсін;
      әскерге шақыру комиссиясының құрамынан Е.К. Кубентаев шығарылсын.
      Қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2010 жылдың 01 қазанынан пайда болған құқық қатынасқа тартылады.
 
 

      Зырян ауданының әкімі                   Е. Сәлімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады