2009 жылғы 24 қыркүйектегі № 337 "Қарасу ауылдық округінде ірі-қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шеқтеу қою туралы" қаулыға өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 шілдедегі N 225 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 тамызда N 5-16-97 тіркелді. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 01 желтоқсандағы N 382 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2010.12.01 N 382 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» № 339 Заңының 10 бабының 2 тармағы 9 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 18 тармақшасына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылғы 24 қыркүйектегі № 337 «Қарасу ауылдық округінде ірі-қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы» қаулыға (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-16-82 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 1 аудандық «Тарбағатай» газетінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
      Қаулының кіріспе бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 27 бабына» деген сөйлем «Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10 бабының 2 тармағы 9 тармақшасына» және «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 23 қаңтардағы 2001 жылғы № 148 Заңының 37 бабының 1,2 тармағы» деген сөйлем «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 23 қаңтардағы 2001 жылғы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 18 тармақшасына» деп өзгертілсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                             М.Сапарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады