Пятимар ауылдық округі Аққұс, Борық, Плантация елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Пятимар ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі N 2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 11 мамырда N 7-5-115 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 12 тамыздағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Аққұс, Борық, Плантация елді мекендері тұрғындарының 2009 жылғы 16 қазандағы жиналыстарының және 2009 жылғы 29 қазандағы Жаңақала аудандық ономастикалық комиссияның хаттамаларын қарап, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Пятимар ауылдық округінің, Аққұс елді мекеніндегі үлкен көшеге Аққұс, су арнасы бойындағы көшеге Қарағай, үшінші көшеге Ұлы Жеңіске 60 жыл атаулары берілсін.
      2. Пятимар ауылдық округінің, Борық елді мекеніндегі үлкен көшеге Борық, мектеп орналасқан көшеге Мектеп атаулары берілсін.
      3. Пятимар ауылдық округінің, Плантация елді мекеніндегі үлкен көшеге Жалын, екінші көшеге Достық, су жағасындағы көшеге Көшім атаулары берілсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды өзіме қалдырамын.

      Ауыл әкімі                             Е. Нысанов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады