Күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету, күзет қызметі, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, жарылғыш заттар, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы бойынша қызметіне жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 131 және азақстан Республикасы Эконамикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 101 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 6917 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 465 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 556 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.06.2015 № 465 және ҚР Ішкі істер министрінің 23.06.2015 № 556 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2013 № 359 және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 27.06.2013 № 113/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мынадай:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласында күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласында күзет қызметі субъектілерін;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғаларды;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласында жарылғыш заттарды сақтайтын субъектілерді;
      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласында азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтайтын субъектілерді;
      6) Алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2013 № 359 және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 27.06.2013 № 113/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7) Алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2013 № 359 және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 27.06.2013 № 113/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8) Алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2013 № 359 және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 27.06.2013 № 113/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2013 № 359 және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 27.06.2013 № 113/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы (Қ.С. Тыныбеков):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Астана және Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты зерделеуді және талаптарының орындалуын ұйымдастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары А.В. Кулиничке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрінің             Экономикалық даму және
      _____________ Баймағанбетов        сауда министрі
      2011 жылғы 28 наурыз               ___________ Ж Айтжанова
                                         2011 жылғы 11 сәуір

Қазақстан  Республикасы   
Ішкі істер министрінің   
2011 жылғы 28 наурыздағы № 131
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің         
2011 жылғы 11 сәуірдегі № 101
бірлескен бұйрығына    
1-қосымша         

Жеке кәсiпкерлiк саласында күзет сигнализациясы құралдарын
монтаждау, ретке келтiру және оларға техникалық қызмет көрсету
жөнiндегi қызметтi тексеру парағы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2013 № 359 және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 27.06.2013 № 113/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Органның атауы ______________________________________________________
Тексерiс белгiлеу туралы актi _______________________________________
                                         (күнi, №)
Объект ______________________________________________________________
                               (заңды тұлға/жеке кәсiпкер)
_____________________________________________________________________
                                  (мекенжайы, телефоны)
БСН _________________________________________________________________
ЖСН _________________________________________________________________

Тексерiске қатысушы адамдар:
Жауапты адам (басшы немесе оның сенiм бiлдiрген қызметкерi) _________
_____________________________________________________________________
                    (лауазымы, Тегі, Аты бар болса Әкесінің аты)
IIО-ның қызметкері __________________________________________________
                    (лауазымы, Тегі, Аты бар болса Әкесінің аты)

Тексерiс барысында қамтылатын мәселелер

Түсiнiктеме

Иә

Жоқ

ҚЕ/Қ

Заңды тұлғалар үшiн

1.*

Күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты жүргізетін маманның жұмыс саласына сәйкес келетiн жоғары немесе орта техникалық бiлiмi бар


2.*

Субъектінің күзет сигнализациясы құралдарын ретке келтiрудi, оларға техникалық қызмет көрсетудi және монтаждалатын құрал-жабдықтың техникалық жай-күйiн тексерудi жүзеге асыруға арналған құрал-жабдығы бар үй-жайы (немесе оны жалға алу келiсiмшарты) бар


3.*

Субъект басшысы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады


4.*

Субъект басшысы денсаулық сақтау органдарында психикалық ауру бойынша есепте тұрған жоқ


5.*

Субъекті басшысының заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ


6.*

Субъект басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгiндегi баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiндегi мерзiм өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылмаған


7.*

Субъект қызметкерлері Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады


8.*

Субъект қызметкерлері денсаулық сақтау органдарында психикалық ауру бойынша есепте тұрған жоқ


9.*

Субъект қызметкерлерінің белгіленген заңды тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ


10.*

Субъект қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгiндегi баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiндегi мерзiм өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылмаған


Жеке тұлғалар үшiн

11.*

Жеке тұлғаның жұмыс саласына сәйкес келетiн жоғарғы немесе орта техникалық бiлiмi бар


12.*

Жеке тұлғаның күзет сигнализациясы құралдарын ретке келтiрудi, оларға техникалық қызмет көрсетудi және монтаждалатын құрал-жабдықтың техникалық жай-күйiн тексерудi жүзеге асыруға арналған құрал-жабдығы бар үй-жайы (немесе оны жалға алу келiсiмшарты) бар


13*

Жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады


14*

Жеке тұлға денсаулық сақтау органдарында психикалық ауру бойынша есепте тұрған жоқ


15.*

Жеке тұлғаның заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ


16.*

Жеке тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгiндегi баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiндегi мерзiм өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылмаған


Ескертпе:         Пайдаланылған белгілердің мағынасы
                  * – елеулі заң бұзушылықтар;
                  ИӘ – иә, бар, сәйкес келеді, қанағаттанарлық;
                  ЖОҚ – жоқ, болмаған, сәйкес келмейді,
                  қанағаттанарлықсыз;
                  ҚЕ/Қ – қажет емес/қарастырылмаған;
                  ІІО – ішкі істер органдары;
                  7.*-10.*-тармақтарда «қызметкерлер» деген сөз күзет
                  қызметі сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке
                  келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету
                  жөніндегі жұмысты жүзеге асыратын мамандар деп
                  түсініледі

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің   
2011 жылғы 28 наурыздағы № 131
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің         
2011 жылғы 11 сәуірдегі № 101
бірлескен бұйрығына    
2-қосымша        

Жеке кәсіпкерлік саласында күзет қызметін тексеру парағы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 20.09.2014 № 625 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.10.2014 № 42 Бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап  күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Органның атауы ______________________________________________________
Тексерiс белгiлеу туралы актi _______________________________________
                                           (күнi, №)
Объект ______________________________________________________________
                            (заңды тұлға)
                       (мекенжайы, телефоны)
БСН _________________________________________________________________
ЖСН _________________________________________________________________
Тексерiске қатысушы адамдар:
Жауапты адам (басшы немесе оның сенiм бiлдiрген қызметкерi)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                        (лауазымы, Т.А.Ә.)
IIО-ның қызметкері __________________________________________________
                                  (лауазымы, Т.А.Ә.)

Тексерiс барысында қамтылатын талаптар тізбесі

Түсiнiктеме

Иә

Жоқ

ҚЕ/Қ



1.*

Жеке күзет ұйымы басшысының жоғары заңгерлiк бiлiмi немесе Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда басшылық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнайы органдарда басшы лауазымдарда кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi бар







2.*

Жеке күзет ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады







3.*

Жеке күзет ұйымы басшысының арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткені туралы куәлігі бар







4.*

Жеке күзет ұйымы басшысының арнайы бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткені туралы куәлігі бар







5.*

Жеке күзет ұйымы басшысының денсаулық сақтау органдарында психикалық ауру, маскүнемдiк немесе нашақорлық бойынша есепте тұрған жоқ







6.*

Жеке күзет ұйымы басшысының қылмыс жасағаны үшiн соттылығы жоқ







7.*

Жеке ұйымының басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгiндегi баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiндегi мерзiм өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылмаған







8.*

Жеке күзет ұйымының басшысы жеке меншiкке, мемлекеттiк билiк институттарына, белгiленген басқару тәртiбiне, қоғамдық тәртiпке және адамгершiлiкке қол сұғатын қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн күзет ұйымы басшысы болып бұрын жұмысқа қабылданғанға дейiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылмаған







9.*

Жеке күзет ұйымының басшысы мемлекеттiк, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан жағымсыз себептермен үш жыл бұрын босатылмаған







10.*

Жеке күзет ұйымының басшысы жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымынан жағымсыз себептермен үш жыл бұрын босатылмаған







11.*

Күзетшілер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмысшылары Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады







12.*

Күзетшiлер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымы жұмысшыларының жасы 19-дан төмен емес







13.*

Күзетшiлер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскері арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өттi







14.*

Күзетшiлер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері арнайы бағдарлама бойынша бiлiктiлiгiн арттыру курсынан өттi







15.*

Күзетшiлер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлерінің қылмыс жасағаны үшiн соттылығы жоқ







16.*

Күзетшiлер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері денсаулық жағдайы бойынша күзет қызметiмен айналысуға жарамды (көздiң нашар көруiне, психикалық ауруына, маскүнемдiкке немесе нашақорлыққа байланысты қаруды қолдануға қарсы көрсетiмдер жоқ)







17.*

Жеке күзет ұйымының қызметтiк және азаматтық қару пайдаланған жағдайда қару мен оқ-дәрiлердi сақтауға арналған үй-жайлары (не белгiленген талаптарға жауап беретiн үй-жайларда оларды сақтауға келiсiм-шарт) бар







18.*

Күзетшiлер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгiндегi баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiндегi мерзiм өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған







19.*

Күзетшiлер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері жеке меншiкке, мемлекеттiк билiк институттарына, белгiленген басқару тәртiбiне, қоғамдық тәртiпке және адамгершiлiкке қол сұғатын қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн күзетші болып бұрын жұмысқа қабылданғанға дейiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылмаған







20.*

Күзетшiлер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері мемлекеттiк, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан жағымсыз себептермен үш жыл бұрын босатылмаған







21.*

Күзетшiлер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымынан жағымсыз себептермен үш жыл бұрын босатылмаған







22.*

Күзетшiлер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері жеке басын және олардың жеке күзет ұйымына тиесілігін куәландыратын құжаттармен қамтамасыз етілген







23.

Күзетшілердің жеке басын және олардың жеке күзет ұйымына тиесілігін куәландыратын құжат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес келеді







24.

Жеке күзет ұйымы күзет қызметтерiн көрсету туралы келiсiмшарт жасасудың жазбаша нысанын сақтайды







25.

Жеке күзет ұйымы күзетшiлер лауазымын атқаратын қызметкерлердi мiндеттi сақтандыру туралы талаптарды сақтайды







26.*

Жеке күзет ұйымы күзетшiлерiнiң штат саны Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысымен белгiлеген нормативке сәйкес келедi







27.*

Жеке күзет ұйымы жұмыскерлерінің қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қылмыс жасауға жол берілмеген







28.

Жеке күзет ұйымының күзетшiлерiне жұмыстан тыс кезде қасақана қылмыстар жасауға жол берілмеген







29.

Жеке күзет ұйымы күзетшiлердiң арнайы киiм киюi бойынша талаптарды сақтайды







30.*

Ұлттық компанияның күзет ұйымы құрылтайшы құқығын алуға Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін бақылауды жүзеге асыру жөнінде уәкілетті органмен келіскен







31.*

Заңды тұлғалардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының бір уақытта бірден аса күзет қызметімен айналысатын ұйымның құрылтайшысы, қатысушысы және (немесе) меншік иесі болуға құқығы жоқ.







32.*

Жеке күзет ұйымы күзеттен басқа өзге қызметті жүзеге асыратын ұйымның еншілес кәсіпорны болып табылмайды. Субъектінің құрылтайшысы (қатысушысы) үшін қызметтің осы түрі – негізгі







33.*

Жеке күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы) өздерiне қатысты күзет қызметтерiн көрсететiн ұйымдардың құрылтайшылары не болмаса лауазымды адамдары болып табылмайды







34.*

Жеке күзет ұйымы құрылтайшысы (қатысушысы) қылмыс жасағаны үшiн соттылығы бар азаматтар, сондай-ақ құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамында көрсетiлген адамдар бар заңды тұлғалар болып табылмайды







35.*

Жеке күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы) өздерiне қатысты күзет қызметтерiн көрсететiн заңды тұлғалар және солармен аффилиирленген заңды тұлғалар болып табылмайды







36.*

Жеке күзет ұйымдарының құрылтайшысы (қатысушысы) қоғамдық бірлестіктер болып табылмайды







Ескертпе:

Пайдаланылған белгiлердiң мағынасы
      * – елеулi заң бұзушылықтар;
      ИӘ – иә, бар, сәйкес келедi, қанағаттанарлық;
      ЖОҚ – жоқ, болмаған, сәйкес келмейдi,
      қанағаттанарлықсыз;
      ҚЕ/Қ – қажет емес/қарастырылмаған;
      IIО – iшкi iстер органы.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы
4 шілдедегі Заңына сәйкес осы тексеру парағының 7 және 18 тармақтары 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді.

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің   
2011 жылғы 28 наурыздағы 
№ 131 және        
Қазақстан Республикасы   
Экономикалық даму және сауда
министрінің       
2011 жылғы 11 сәуірдегі 
№ 101 бірлескен бұйрығына
3-қосымша        

Жеке кәсіпкерлік саласында азаматтық және қызметтік қару мен
оның патрондарының айналымы саласында жұмыспен қамтылған
жеке және заңды тұлғаларды тексеру парағы

Органның атауы_______________________________________________________
Тексеріс белгілеу туралы акті _______________________________________
                                          (күні, №)
Объект ______________________________________________________________
                     (заңды тұлға/жеке кәсіпкер)
_____________________________________________________________________
                      (мекен-жайы, телефоны)
СТН _________________________________________________________________
БСН _________________________________________________________________
ЖСН _________________________________________________________________
Тексеріске қатысушы тұлғалар:
Жауапты адам (басшы немесе оның сенім білдірген қызметкері) _________
_____________________________________________________________________
                    (лауазымы, Т.А.Ә.)

ІІО-ның қызметкер ___________________________________________________
                              (лауазымы, Т.А.Ә.)

Тексеріс барысында қамтылатын мәселелер

Түсініктеме

Иә

Жоқ

ҚЕ/К ҚЕ/Қ М

Қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға арналған сақтау орнына (үй-жайға) қойылатын талаптар

1.*

Сақтауға құқық беретін рұқсаты бар:
20__ жылғы "___"_________ дейінгі мерзімге 20__ жылғы "__"_______
________________________ берген №__
     (ІІО атауы)
Жауапты тұлға _______________ болып
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) табылады


2.

Сақтауда (пайдалануда) бар (бұйымдар мен заттардың атауы, олардың саны, нөмірлері, қару саны көп болған жағдайда жеке парақтағы қосымшамен ресімделеді)


3.*

Тасымалдауға рұқсат бар
20__ жылғы "___"_________ дейінгі мерзімге 20__ жылғы "__"____ берген №__,_____________
    (ІІО атауы)
Жауапты тұлға _______________ болып
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
табылады


4*.

Қызметтік ойық қарудан атыс жүргізілгені туралы актілер бар (атыс жүргізу кезеңділігі 5 жыл) (ойық қарудың әр бірлігі тексеріледі, атыс жүргізу актісі және атыс жүргізілген қарудың атылған оқтары мен гильзалары салыстыра тексеріледі)


5.*

Үй-жай басқа қосалқы, қызметтік үй-жайлардан оқшауланған


6.*

Үй-жайдың күрделі қабырғалары бар


7.

Үй-жайдың төбе жабындары мен едені мықты


8.*

Үй-жайдың ішкі қабырғаларының (арақабырғалары) мықтылығы бойынша әрқайсысы қалыңдығы 80 мм болатын жұптасқан гипсбетон панельдерге тең, олардың арасына болат тор немесе металл торкөзден арматура қосылған қалыңдығы кемінде 120 мм болатын кірпіш қабырға


9.

Үй-жай екі есікпен жарақталған


9.1

Қалыңдығы кемінде 40 мм болатын тақтайдан жасалған бір танапты сыртқы есікпен жабдықталған, қаңылтыр табағының шеттері есіктің бүйіріне қайырылып, екі жағынан мырышталған төбе жабыны қаңылтырымен қапталған


9.2.

Екі ішкі құлыпқа жабылады және мөрленеді немесе пломба салынады


9.3.

Ішкі – болат торлы


9.4

Ішкі немесе ілмелі құлыпқа жабылады.


10.

Қару бөлмесінің есік орнының жақтаушалары (есік қорабы) болат профильден жасалған


11.*

Терезе ойықтарында үй-жайдың ішкі жағынан немесе рамаларының арасында болат торлар болады


12.*

Бірінші қабатта орналасқан үй-жайлар үшін


12.1

Терезе ойықтары екі жағынан мырышталған болатпен қапталған ішкі металл немесе ағаш қақпақтармен жабдықталған


12.2

Тор шыбықтарының шеттері қабырғаға кемінде 80 мм тереңдікке енгізілген және бетонмен құйылған


12.3

Терезе ойықтарының қақпақтары ілмелі құлыпқа жабылады


13.

Есік орындарына орнатылған торлар диаметрі кемінде 15 мм болатын болат шыбықтан жасалған. Шыбықтар әрбір қиылысатын жерде дәнекерленіп, кем дегенде 150х150 мм болатын торшаларды құрайды



14.*

Терезе ойықтарына торлар диаметрі кемінде 15 мм болат шыбықтан жасалған. Шыбықтар әрбір қиылысатын жерде дәнекерленіп, кем дегенде 150х150 мм болатын торшаларды құрайды


15*

Қабырғаларды (арақабырғаларды) күшейту үшін орнатылған торлар диаметрі кемінде 15 мм болат шыбықтан жасалған. Шыбықтар әрбір қиылысатын жерде дәнекерленіп, кем дегенде 150х150 мм болатын торшаларды құрайды


16.

Желдеткіш терезелер, люктер болған жағдайда оларға өлшемі кемінде 100х100 мм болатын торшалары бар, осы жүйелер арқылы кіру мүмкіндігін болдырмайтын болат торлар орнатылған


17

Қабырғадағы инженерлік желілерді өткізуге арналған тесіктердің диаметрі 200 мм көп емес


18.*

Үй-жай екі немесе одан да көп күзет-өрт сигнализациясы шептерімен жабдықталған


19.

Күзет сигнализациясы:


19.1

Электрлік қорек қалқанына дейін жасырын сыммен орындалған


19.2

Терезелерде сигнализация датчиктері бар


19.3

Есіктерде сигнализация датчиктері бар


19.4

Люктерде сигнализация датчиктері бар


19.5

Қабырғаларда сигнализация датчиктері бар


19.6

Төбелерде сигнализация датчиктері бар


19.7

Едендерде сигнализация датчиктері бар


20.

Күзет сигнализациясы қару мен патрондар сақталатын сейфтерді, шкафтарды ашқан немесе бұзған кезде іске қосылады


21.

Күзет сигнализациясы үй-жай ішінде адам көрінген кезде іске қосылады


22.*

Үй-жай сигнализацияны ішкі істер органдарының кезекші бөлімдерінде жылжымалы жұмыс орындары бар оператор-фирмалардың орталықтандырылған қадағалау пульттеріне қоса отырып, күзетке берілген


23.*

Үй-жай автономды сигнализациямен жабдықталған, датчиктері қабырғаларға, төбеге, терезе рамаларына орнатылып, ол қарауыл үй-жайынан (күзет бекеті) басқа, жақын орналасқан қарулы бекетке шығарылған


24.*

Қару бөлмесінің және қару мен оның патрондары бар металл шкафтардың (сейфтердің) екі жиынтық кілттері бар


24.1.

Кілттердің бір жиынтығы қару мен оның патрондарының сақталуы үшін жауапты тұлғада ұдайы болады


24.2.

Кілттердің екінші жиынтығы мөрленген пеналда атына сақтауға рұқсат берілген ұйым бастығында ұдайы болады


25.

Қару бөлмесінің, қару мен патрондар бар темір шкафтардың (сейфтердің) кілттерін үстелдерде немесе бөгде адамдарға қол жетімді жерлерде қалдырмайды


26.

Қару мен патрондар салмағы кемінде 700 кг болатын, бір ішкі құлпы бар ауыр сейфтерде немесе темір шкафтарда (сейфтерде) сақталады, олардың бір ішкі құлпы бар


26.1.

қабырғаларының қалыңдығы кемінде 3 мм


26.2.

кемінде екі ішкі құлпы бар


26.3

Шкафтардың есіктері болат қондырғылармен және бұрыштармен нығайтылған


26.4.

Есіктердің ішкі жағында нөмірлері бойынша қарудың тізбесі бар.


27.

Банктердің басқармаларында, бөлімшелерінде, филиалдарында қару мен патрондар темірбетон қоймаларда сақталады, ал олар болмаған жағдайда орталықтандырылған қадағалау пультіне шығарылған күзет сигнализациясы болған жағдайда темірбетоннан жасалған ішкі немесе ішіне ойып салынған шкафтарда (кассаларда) немесе салмағы кемінде 700 кг ауыр сейфтерде сақтауға рұқсат етіледі


28.

Қару бөлмесінің болат тормен бөлінген бөлігінде сақталуы мүмкін пневматикалық қаруды, арнайы құралдарды, радиостанцияларды және дозиметрлік құрылғыларды қоспағанда, қарумен және патрондармен бірге басқа заттарды сақтау


29.*

Патрондар қарудан бөлек металл жәшікте, шкафта сақталады


30.

Сүрту материалдары, май мен сілті, қаруды тазалауға және майлауға арналған заттар қару мен патрондардан бөлек сақталады


Қару мен оның патрондарын есепке алу

31.*

Қару мен оның патрондарын есепке алу кітабы:


31.1.

Нөмірленген


31.2.

Тігілген


32.3

Аумақтық ішкі істер органының «Лицензиялық-рұқсат беру жүйесі» бедері бар арнайы мөрімен бекітілген


32*

Қару мен оның патрондарын беру және қабылдау журналы:


32.1.

Нөмірленген


32.2.

Тігілген


32.3.

Аумақтық ішкі істер органының «Лицензиялық-рұқсат беру жүйесі» бедері бар арнайы мөрімен бекітілген


33.*

Тауарлар (қару) сапасы сертификаттарының немесе олардың расталған көшірмелерінің бар-жоғы (дүкендер үшін)


34.*

Травматикалық әрекет ететін патрондары бар қарудың, электрлі қарудың зиян келтіретін факторларының адамға әсер етуіне рұқсат етілетін белгіленген нормаларға сәйкестігі туралы уәкілетті орган қорытындысының бар-жоғы


35.*

Қару мен оның патрондарын сататын дүкендерде олардың келіп түскенін және сатылғанын есепке алу кітабы


36.*

Қару-жөндеу шеберханасына келіп түскен қаруды есепке алу кітабы


Персоналға қойылатын талаптар

37.*

Қаруға қол жетімді адамдарда аумақтық ішкі істер органы берген қызметтік қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсат қағазы бар (қаруға рұқсаты бар қызметкерлердің штаттық саны көрсетіледі (сыртқы, ішкі бекеттер, ұтқыр топтар, оққағарлар және т.с.с.)


38.*

Қызметтік қаруды сақтауға және алып жүруге арналған рұқсат қағазда көрсетілген ол туралы мәліметтер қызметтік міндеттерін атқару кезінде тікелей қызметкердегі қаруға сәйкес келеді


Қару мен оның патрондарын әзірлеумен байланысты қызметті жүзеге
асыру кезінде:

39.

Заңды тұлғаның басшысында және оның орынбасарында жоғары техникалық білімнің бар-жоғы, сондай-ақ тиісті Қауіпсіздік ережесін білуі
Жеке тұлғалар үшін - жоғары техникалық білімінің бар-жоғы, сондай-ақ тиісті Қауіпсіздік ережесін білуі


40.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік ережесін білуіне тексерістен өткен білікті мамандардың бар-жоғы


41.

Қару әзірлеу саласында нормативтік-техникалық құжаттардың жиынтығы түрінде ғылыми базаның, қарудың негізгі (базалық) модельдері мен (немесе) патрондардың түрлеріне конструкторлық құжаттаманың бар-жоғы


42.*

Тәжірибе жасалатын үлгі қаруды немесе патрондарды дайындау және сынақтан өткізуге арналған жеке меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік техникалық базаның бар-жоғы, оған:



мамандандырылған өндірістік ғимараттар (үй-жайлар), құрал-жабдық, стендтер, сынақ зертханасы, бақылау-өлшеу аппаратурасы;


қару мен оның патрондарын әзірлеу жөніндегі цехтың келісілген және белгіленген тәртіппен бекітілген жұмыс жобасы;


бөлшектерін, жинау бірліктерін есепке алу және сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй - жайларда орналастырылатын негізгі бөліктерді (ұңғыларды, бекітпелерді, барабандарды, рамаларды, ұңғы қораптарын және т.б.) дайындау жөніндегі механикаландырылған өңдеу және жинау цехтары (учаскелер);


техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарға сәйкес келетін өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған, әзірленген қару мен патрондардың жиынтықтарын сақтауға арналған мамандандырылған үй-жайлар кіреді


43.

Әзірлеуге жоспарланған қару мен оның патрондарының тактикалық-техникалық сипаттамаларының бар-жоғы


44.*

Қару мен оның патрондарының тәжірибелік модельдерін қауіпсіз әзірлеу жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелердің және нормативтік-техникалық құжаттардың бар-жоғы


45.

Үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу бойынша жауапкершілікті сақтандыру келісім-шартының бар-жоғы тексеріледі


Қару мен оның патрондарының өндірісімен байланысты
қызметті жүзеге асыру кезінде:

46.

Заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасарында жоғары техникалық білімінің бар-жоғы, сондай-ақ тиісті Қауіпсіздік ережесін білуі
Жеке тұлға үшін - жоғары техникалық білімнің бар-жоғы, сондай-ақ тиісті Қауіпсіздік ережесін білуі


47.

Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік ережесін білу мәніне білікті тексерістен өткен білікті мамандардың бар-жоғы


48.

Қару мен оның патрондарының өндірісі мәселелері бойынша нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттардың жиынтығы түрінде ғылыми базаның бар-жоғы


49.*

Жеке меншік немесе жалға алу құқығында өндірістік техникалық базаның бар-жоғы, оған:



мамандандырылған өндірістік ғимараттар, көлік құралдары, құрал-жабдық, стендтер, сынақ зертханасы, бақылау-өлшеу аппаратурасы;


қару мен оның патрондарын шығару жөніндегі цехтардың келісілген және белгіленген тәртіппен бекітілген жұмыс жобасы;


бөлшектердің, жинау бірліктерін есепке алу және сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй - жайларда орналастырылатын негізгі бөліктерді (ұңғыларды, бекітпелерді, барабандарды, рамаларды, ұңғы қораптарын және т.б.) дайындау жөніндегі механикаландырылған өңдеу цехы (учаскесі);


бөлшектерді, жинау бірліктерін есепке алу және сақтау бойынша жағдайларды қамтамасыз ете отырып, техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарға сәйкес келетін өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған, оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын жинау цехы;


техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарға сәйкес келетін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған, жеке оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын дайын қару мен патрондарды сақтауға арналған мамандандырылған қоймалар;


өндіру процесінде жарамсыз болып қалған қару мен оның патрондарының негізгі бөліктерін сақтауға арналған изолятор;


санитарлық және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай


50.

Ниет туралы хаттаманың немесе қаруды сатып алу және пайдалану құқығы бар субъектімен қару мен оның патрондарын өндіруге жасалған келісім-шарттың (шарттың) бар-жоғы


51.

Шығару жоспарланған қару мен оның патрондарының тактикалық-техникалық сипаттамаларының бар-жоғы


52.

Жұмыстардың қауіпсіз өндірісі жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелердің және нормативтік-техникалық құжаттардың, сондай-ақ материалдарды, жартылай фабрикаттарды (дайын заттарды), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және жарамсыз бұйымдарды:



бөлшектерді, жинау бірліктерін және дайын бұйымдарды дайындау, тасымалдау және сақтау процесінде оларды есепке алу бойынша;


кіріс пен шығысты есепке алу журналын жүргізу (жоспарлы есепке алу, сандық есепке алу, дайын заттарды, бөлшектерді, құрамдас бөліктерді сандық және өлшеп есепке алу) бойынша есепке алу және сақтау жөніндегі құжаттардың бар-жоғы



53.

Мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыс істеуге Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның аумақтық бөліністері рұқсатының, сондай-ақ режимдік іс-шаралардың қамтамасыз етілуі және жеткілікті болуы тексеріледі


Қару мен оның патрондарын жөндеумен байланысты
қызметті жүзеге асыру кезінде:

54.

Қару жөндеу жөніндегі білікті мамандардың


55.*

Техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарға сәйкес келетін өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған, жеке меншік немесе жалға алу құқығындағы мамандандырылған шеберхананың


56.

Арнайы құрал-жабдық пен құрылғылардың


57

Жұмыстардың қауіпсіз өндірісі жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелердің және нормативтік-техникалық құжаттардың


58.*

Қаруды қабылдау мен беруді есепке алу журналының бар-жоғы тексеріледі


59.*

Қаруды коллекциялаумен байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде қарудың сақталуын, оларды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оларға бөгде адамдардың қол жеткізуін болдырмайтын жағдайлардың бар-жоғы тексеріледі


Қару мен оның патрондарын көрмеге қойып көрсетумен
байланысты қызметті жүзеге асырған кезде:

60.*

Күзет сигнализациясымен жабдықталған, құлыпқа жабылатын витриналары, сейфтері немесе темір шкафтары бар жеке үй-жайлардың


61.*

Үй-жайды тәулік бойы күзетудің (күзет қызметін көрсетуге келісім-шарттың)


62.

Бұйымдарды есепке алу, мерзімді тексеру және сақтау жөніндегі құжаттаманың бар-жоғы тексеріледі


Ескертпе: Пайдаланылған белгілердің мағынасы
      * - елеулі заң бұзушылықтар;
      ИӘ - иә, бар, сәйкес келеді, қанағаттанарлық;
      ЖОҚ - жоқ, болмаған, сәйкес келмейді, қанағаттанарлықсыз;
      ҚЕ/Қ – қажет емес / қарастырылмаған;
      ІІО – ішкі істер органдары.

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің   
2011 жылғы 28 наурыздағы 
№ 131 және        
Қазақстан Республикасы   
Экономикалық даму және сауда
министрінің       
2011 жылғы 11 сәуірдегі 
№ 101 бірлескен бұйрығына
4-қосымша        

Жеке кәсіпкерлік саласында жарылғыш заттарды сақтайтын
субъектілерді тексеру парағы

Органның атауы ______________________________________________________
Тексеріс белгілеу туралы акті _______________________________________
                                          (күні, №)
Объект ______________________________________________________________
                     (заңды тұлға/жеке кәсіпкер)
_____________________________________________________________________
                      (мекен-жайы, телефоны)
СТН _________________________________________________________________
БСН _________________________________________________________________
ЖСН _________________________________________________________________
Тексеріске қатысушы тұлғалар:
Жауапты адам (басшы немесе оның сенім білдірген қызметкері) _________
_____________________________________________________________________
                    (лауазымы, Т.А.Ә.)

ІІО-ның қызметкер ___________________________________________________
                              (лауазымы, Т.А.Ә.)

Тексеріс барысында қамтылатын мәселелер

Түсініктеме

Иә

Жоқ

ҚЕ/КҚ

Жалпы талаптар

1.*

Сақтауға құқық беретін рұқсаты бар:
20_ жылғы "___"_________ дейінгі мерзімге 20__ жылғы "__"_______
__________________________ берген
     (ІІО атауы)

№___
Жауапты тұлға _____________________________
       (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
болып табылады


2.*

Пайдалануға ТЖМ рұқсаты (куәлігі) бар:
20_ жылғы "___"_________ дейінгі мерзімге 20__ жылғы "__"______________________ берген
                    (атауы)
№___
Жауапты тұлға _____________________________
       (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
болып табылады.


3.

Тасымалдауға рұқсаты бар:
20_ жылғы "___"_________ дейінгі мерзімге 20_ _жылғы "__"_______
__________________________ берген
        (ІІО атауы)
№___
Жауапты тұлға _____________________________
       (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
болып табылады


4.

Қоймада (базистік, шығыс) бар (рұқсат қағазға сәйкес нақты қандай және қанша зат, бұйым бар екенін көрсету, саны көп болған жағдайда жеке қосымшамен ресімделеді)


5.*

Қоршаудың бар-жоғы (ақаусыз, ашық, құлаған жерлері бар, қоршаудың биіктігі сәйкес келеді, сәйкес келмейді)


6.*

Жарықтың, қарауыл бекеттері мен қарауыл үй-жайының арасында телефон байланысының бар-жоғы (қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)


7.*

Күзеттің бар-жоғы (күзет түрі, бекеттердің саны, қару-жарақ, күзет жұмысының режимі, күзет түрі, бекеттердің саны, қару-жарақ, күзет жұмысының режимі, сигнализацияның бар-жоғы, бекеттер арасындағы байланыс, елді мекенмен, күзет қызметі субъектілерімен, полициямен байланыстың бар-жоғы)


Қажетті құжаттаманың бар-жоғы

8.

Жарылғыш материалдар қоймасының паспорты


9.*

Жарылғыш материалдардың кірісі мен шығысын есепке алу кітабы


10.*

Жарылғыш материалдарды беруді және қайтаруды есепке алу кітабы


Арнайы талаптар

11.*

Қызмет түріне лицензиялардың, тексерілетін бағыт бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мүмкіндік беретін, өзге де құқық беретін құжаттардың бар-жоғы


12.*

Тексеру объектісінің жұмыскерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде құқық бұзушылықтар (қылмыстар) жасауға жол берген жоқ


13.*

Жарылғыш заттар мен материалдарды ұрлау немесе жоғалту фактілеріне жол беру


Ескертпе: Пайдаланылған белгілердің мағынасы
      * - елеулі заң бұзушылықтар;
      ИӘ - иә, бар, сәйкес келеді, қанағаттанарлық;
      ЖОҚ - жоқ, болмаған, сәйкес келмейді, қанағаттанарлықсыз;
      ҚЕ/Қ – қажет емес / қарастырылмаған;
      ІІО – ішкі істер органдары.

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің   
2011 жылғы 28 наурыздағы 
№ 131 және        
Қазақстан Республикасы   
Экономикалық даму және сауда
министрінің       
2011 жылғы 11 сәуірдегі 
№ 101 бірлескен бұйрығына
5-қосымша        

Жеке кәсіпкерлік саласында азаматтық пиротехникалық заттар
мен оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтайтын
субъектілерді тексеру парағы

Органның атауы ______________________________________________________
Тексеріс белгілеу туралы акті _______________________________________
                                          (күні, №)

Объект ______________________________________________________________
                     (заңды тұлға/жеке кәсіпкер)

_____________________________________________________________________
                      (мекен-жайы, телефоны)

СТН _________________________________________________________________
БСН _________________________________________________________________
ЖСН _________________________________________________________________
Тексеріске қатысушы тұлғалар:
Жауапты адам (басшы немесе оның сенім білдірген қызметкері) _________
_____________________________________________________________________
                    (лауазымы, Т.А.Ә.)

ІІО-ның қызметкер ___________________________________________________
                              (лауазымы, Т.А.Ә.)

Тексеріс барысында қамтылатын мәселелер

Түсініктеме

Иә

Жоқ

ҚЕ/Қ

Жалпы талаптар

1.*

Сақтауға құқық беретін рұқсаты бар:
20_ жылғы "___"_________ дейінгі мерзімге 20__ жылғы "__"_______
________________________ берген
     (ІІО атауы)

№___
Жауапты тұлға _____________________________
       (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
болып табылады


2.*

Пайдалануға ТЖМ рұқсаты (куәлігі) бар:
20_ жылғы "___"_________ дейінгі мерзімге 20_ жылғы "__"_______

_________________________ берген
          (атауы)
№___
Жауапты тұлға _____________________________
       (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
болып табылады


3.

Тасымалдауға рұқсаты бар:
20_ жылғы "___"_________ дейінгі мерзімге 20__ жылғы "__"_______
_____________________ берген №___
     (ІІО атауы)
Жауапты тұлға _____________________________
       (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
болып табылады


4.

Қоймада (базистік, шығыс) бар (рұқсат қағазға сәйкес нақты қандай және қанша зат, бұйым бар екенін көрсету, саны көп болған жағдайда жеке қосымшамен ресімделеді)


5*.

Қоршаудың бар-жоғы (ақаусыз, ашық, құлаған жерлері бар, қоршаудың биіктігі сәйкес келеді, сәйкес келмейді)


6.*

Жарықтың, қарауыл бекеттері мен қарауыл үй-жайының арасында телефон байланысының бар-жоғы (қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)


7.*

Күзеттің бар-жоғы (күзет түрі, бекеттердің саны, қару-жарақ, күзет жұмысының режимі, күзет түрі, бекеттердің саны, қару-жарақ, күзет жұмысының режимі, сигнализацияның бар-жоғы, бекеттер арасындағы байланыс, елді мекенмен, күзет қызметі субъектілерімен, полициямен байланыстың бар-жоғы)


Қажетті құжаттаманың бар-жоғы

8.

Жарылғыш материалдар қоймасының паспорты


9.*

Жарылғыш материалдардың кірісі мен шығысын есепке алу кітабы


10.*

Жарылғыш материалдарды беруді және қайтаруды есепке алу кітабы


11.

Дайын өнімді және олардың құрамдас компоненттерін есепке алу кітабы


12.*

Белгіленген нысандағы өнімді есепке алу журналы нөмірленген, тігілген және аумақтық ішкі істер органының «Лицензиялық-рұқсат жүйесі» бедері бар арнайы мөрмен бекітілген


Арнайы талаптар

13.*

Қызмет түріне лицензиялардың, тексерілетін бағыт бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мүмкіндік беретін, өзге де құқық беретін құжаттардың бар-жоғы


14

Тексеру объектісінің жұмыскерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде құқық бұзушылықтар (қылмыстар) жасауға жол берген жоқ


Сауда ұйымдарындағы қауіптілігі 1-3-сыныптық
тұрмыстық мақсаттағы (халыққа еркін сатылатын)
азаматтық пиротехникалық бұйымдар

15.*

Арнайы жабдықталған сақтау орны басқа қосалқы, қызметтік үй-жайлардан оқшауланған


16.*

Күрделі қабырғалары, мықты төбе жабындары мен едені бар (ішкі қабырғалары (арақабырғалары) мықтылығы бойынша әрқайсысының қалыңдығы 80 мм жұпталған гипс-бетон панельдерге тең болуы тиіс)


17.*

Екі ішкі құлыпқа жабылуы тиіс және мөрленетін немесе пломба салынатын металл есігі бар


18.

Терезе ойығында үй-жайдың ішкі жағында немесе терезе рамаларының арасында болат торлар бар. Тор сымдарының шеттері қабырғаға кемінде 80 мм тереңдікке енгізілген және бетонмен құйылған. Есік орындарына, терезе ойықтарына және қабырғаларды (арақабырғаларды) күшейту үшін орнатылған торлар диаметрі кемінде 15 мм болатын болат сымнан жасалған. Сымдар әрбір қиылысатын жерлерінде дәнекерленіп, кем дегенде 150х150 мм болатын ұяшықтарды құрайды


19.

Желдеткіш терезелер, олардың люктері болған жағдайда оларға өлшемі кемінде 100х100 мм болатын ұяшықтары бар болат торлар орнатылады. Қабырғадағы инженерлік желілерді өткізуге арналған тесіктердің диаметрі кем дегенде 200 мм


20.

Бұйымдарды сақтауға арналған үй-жайлардың кілттерінің екі жиынтығы бар. Кілттердің бір жиынтығы бұйымдардың сақталуы үшін жауапты тұлғада ұдайы болады, ал екінші жиынтығы атына сақтауға рұқсат берілген ұйым бастығында мөрленген пеналда ұдайы болады


21.*

Сауда ұйымдарының (дүкендердің) қойма үй-жайларындағы тиеу нормалары 5000 килограмнан аспайды және мемлекеттік өртке қарсы қызмет пен өнеркәсіп қауіпсіздігі органдарымен келісілген


Қауіптілігі 4-сыныптық техникалық және арнайы мақсаттағы
азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтау қоймалары

22.*

Ұдайы сақтау қоймаларындағы тиеу нормалары 200 000 килограмнан аспайды және мемлекеттік өртке қарсы қызмет пен өнеркәсіп қауіпсіздігі органдарымен келісілген


23.*

Шығыс заттары қоймаларындағы тиеу нормалары 5000 килограмнан аспайды және мемлекеттік өртке қарсы қызмет пен өнеркәсіп қауіпсіздігі органдарымен келісілген


24.*

Сақтау орындарын желдету үшін құлыпқа жабылатын торланған металл есіктер орнатылған, терезелер мен желдеткіш люктерде металл торлар мен торкөздер орнатылған. Торланған есіктердің ұяшықтары мен торларының өлшемі кемінде 150х150 мм, шыбықтың жуандығы кемінде 10 мм


25.*

Әрбір сақтау орнында азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтауға аумақтық ішкі істер органы рұқсат бергеннен аспайтын көлемде азаматтық пиротехникалық бұйым сақталады


26.

Аралық қоймалардың жекелеген ғимараттарының арасындағы ара қашықтық қорғаныссыз 100 м кем емес және қорғаныспен 50 м


27.

Базистік қойманың қорғаныс қойылмаған жекелеген сақтау орындары арасындағы арақашықтық 200 м кем емес


28.

Шығыс заттары қоймалары тұрғын үйлерден, фейерверк көрсететін және адамдар көп жиналатын алаңнан қауіпсіз қашықтықта, бірақ 100 м жақын емес


29.*

Барлық қойма түрлері:
аудандық мақсаттағы тас жолдардан, кемелер жүретін өзендер мен каналдардан, қоймаға келетін жолдарды қоспағанда, темір жолдан бұрып әкететін жолақтардың шетінен, жеке тұрған тұрғын үйлерден - 400 м;


станция ғимараттарының, қоймалардың және басқа да станция құрылыстарының бұрып әкететін жолақтарының шетінен 1000 м;


халқының саны тиісінше 10000-ға дейін және 10000-нан жоғары кенттер мен басқа да елді мекендер аумағының шетінен 800 және 1000 м;


қоймаларға жатпайтын басқа да өндірістік ғимараттар мен құрылыстардан 1500 м астам қашықтықта орналасқан


30.*

Тұрақты және шығыс заттар қоймаларының аумағы биіктігі кем дегенде 2,5 м болатын тікенекті сыммен қоршалған


31.

Жанбайтын материалдардан салынған бір қабатты қоймалар (барлық түрлері)


32.

Қойманың екі шығатын есігі бар (ұзындығы кем дегенде 10 м болатын қоймаларда шығатын бір есік болуы мүмкін):


Сақтау орындарына апаратын есіктер сыртқа ашылады;


Күн түсетін жаққа шығатын терезелердің әйнектері күңгірт немесе ақ сырмен сырланған;


Жасанды жарық сыртқы;


Қоймалардың үй-жайларында кезекшілік жарық, ашалық розеткалардың бар-жоғы, газ плиталарын, электрмен қыздыру құрылғыларын пайдалану


33.

Қоймалардың электр жабдықтары қолданылып болғаннан кейін тәуліктің түнгі уақытында токтан ажыратылады. Электрмен қоректендіруді сөндіруге арналған аппараттар қойма үй-жайынан тыс, жанбайтын материалдан жасалған қабырғаға немесе жеке тұрған тіреуге орналасқан, пломба салу және құлыпқа жабу мүмкіндігі бар шкафқа немесе текшеге ойып салынған


34.*

Пиротехникалық бұйымдары бар орамалар штабельдерде немесе сөрелерде сақталады. Штабельдер немесе сөрелерде сақталған кезде бұйымдары бар жәшіктер партиямен салынады.Бұйымдар салынған ағаш жәшіктер штабельдерде сақтау үшін бірінің үстіне бірі қақпағы жоғары қаратылған, төменгі қатардың астында ауа алмасуды қамтамасыз ету үшін тақтайдан төсеніш төселген
Әрбір штабельде немесе сөреде бұйымның атауы немесе индексі, партияның нөмірі, орын саны және келіп түскен уақыты көрсетілген табличка бар


35.*

Бұйымдары штабельдерде немесе сөрелерде орналастыру желдету, қарау және оларды әр штабельден (сөреден) алу үшін қолайлы
Штабельдерге салған кезде олардың арасындағы бос орын: қарау үшін кемінде 0,7 м, тиеу немесе түсіру үшін кемінде 1,5 м, штабельдің соңынан кіре беріс жақтағы қабырғаға дейінгі ара қашықтық кемінде 1,25 м және штабельден артқы және бүйірдегі қабырғаларға дейінгі ара қашықтық кемінде 0,7 м. Штабельдің биіктігі кем дегенде 2,5 м, ені кем дегенде 5 м
Стеллаждардың жоғарғы сөрелерінің биіктігі еденнен кем дегенде 1,65 м., төменгі сөреден еденге дейін кемінде 0,15 м. және жоғарғы сөреден төбеге дейін - кемінде 1 м
Толық тиеген кезде стеллаждар төмен түспейді және ауытқымайды
Сақтау орындарындағы стеллаждардың барлық бөліктері қосылып, металл қолданылмай, өзара тиектеліп бекітілген. Стеллаждардың тақтайлары шегелермен бекітілген, ал олардың ұштары қабырғаға 0,5 см енгізіліп, орындары сыланған


36.

Пиротехникалық бұйымдар қоймаларындағы тиеу-түсіру жұмыстарына арналған тетіктер жарылыстан қорғалып жасалған, ал іштен жанатын қозғалтқыштарда пайдаланылған газды бейтараптандырғыштар мен ұшқын өшіргіштер бар


37.*

Жарылғыш заттарды немесе материалдарды ұрлау және жоғалту фактілеріне жол беру


Ескертпе: Пайдаланылған белгілердің мағынасы
      * - елеулі заң бұзушылықтар;
      ИӘ - иә, бар, сәйкес келеді, қанағаттанарлық;
      ЖОҚ - жоқ, болмаған, сәйкес келмейді, қанағаттанарлықсыз;
      ҚЕ/Қ – қажет емес / қарастырылмаған;
      ІІО – ішкі істер органдары.

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің   
2011 жылғы 28 наурыздағы 
№ 131 және        
Қазақстан Республикасы   
Экономикалық даму және сауда
министрінің       
2011 жылғы 11 сәуірдегі 
№ 101 бірлескен бұйрығына
6-қосымша        

Жеке кәсіпкерлік саласында улы заттарды сақтайтын
субъектілерді тексеру парағы

      Ескерту. 6-қосымша алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2013 № 359 және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 27.06.2013 № 113/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің   
2011 жылғы 28 наурыздағы 
№ 131 және        
Қазақстан Республикасы   
Экономикалық даму және сауда
министрінің       
2011 жылғы 11 сәуірдегі 
№ 101 бірлескен бұйрығына
7-қосымша        

Жеке кәсіпкерлік саласында түрлі-түсті бейнелі көбейткіш-
көшіргіш техниканы сақтайтын және пайдаланатын
субъектілерді тексеру парағы

      Ескерту. 7-қосымша алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2013 № 359 және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 27.06.2013 № 113/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің   
2011 жылғы 28 наурыздағы 
№ 131 және        
Қазақстан Республикасы   
Экономикалық даму және сауда
министрінің       
2011 жылғы 11 сәуірдегі 
№ 101 бірлескен бұйрығына
8-қосымша        

      Ескерту. 8-қосымша алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2013 № 359 және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 27.06.2013 № 113/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады