Сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының жеке кәсіпкерлік саласында сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы N 68 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 29 сәуірде N 6926 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.02.2016 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 7-бабы 16) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының жеке кәсіпкерлік саласында сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті (А.Қ. Қазыбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі Т.М. Сүлейменовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Ж. Айтжанова

Қазақстан Республикасы    
Экономикалық даму және    
сауда министрінің      
2011 жылғы 30 наурыздағы   
№ 68 бұйрығымен       
бекітілді         

Нысан

Сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының жеке кәсіпкерлік саласында сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысындағы тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған орган_________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті ____________________________________
                                              (№, дата)
Бақылау субъектісінің атауы__________________________________________
_____________________________________________________________________
СТН (ЖСН/БИН) _______________________________________________________
Субъектінің мекен-жайы_______________________________________________

Р/с №

Талаптар тізбесі

1.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының белгіленген мөлшерін сақтау («Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес)



      Мемлекеттік бақылау субъектісінің тексеру парағын алғаны туралы белгісі:

      20___жылғы "___"______    __________________________________
                                      (А.Т.Ә., лауазымы, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады