Ақмола облысының коммуналдық мүлкін сенімгерлікпен басқаруға беру қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № А-7/289 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 1 қыркүйекте № 3400 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № А-7/348 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 14.08.2013 № А-7/348 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабының 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысының коммуналдық мүлкін сенімгерлікпен басқаруға беру қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                     С.Дьяченко

Ақмола облысы әкімдігінің
2011 жылғы 2 тамыздағы
 № А-7/289 қаулысымен
бекітілген

Ақмола облысының коммуналдық мүлкін
сенімгерлікпен басқаруға беру қағидасы 1.Жалпы ережелер

      1. Осы Ақмола облысының коммуналдық мүлкін сенімгерлікпен басқаруға беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Ақмола облысының коммуналдық мүлік объектілерін сенімгерлікпен басқаруға берудің, оның ішінде тендер өткізудің, сенімгерлікпен басқарушылармен шарттар жасасудың және сенімгерлікпен басқарудың шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) басқару органы – акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) иелену және пайдалану құқығын және/немесе мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы;
      2) нарықтық құн – кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушының бағалау туралы есебі негізінде айқындалатын объектінің құны;
      3) объект – мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктік кешені, бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері), ақша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен көзделген жағдайларда сенімгерлікпен басқару шартының объектісі болып табылатын өзге мемлекеттік коммуналдық мүлік;
      4) коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы – облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;
      5) сенімгерлікпен басқарушы – коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысымен сенімгерлікпен басқару шартын жасасқан жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
      6) тендер жеңімпазы – тендерлік комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шарттарды ұсынған тендерге қатысушы;
      7) тендер – коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы өзі ұсынған шарттардың негізінде тендер жеңімпазымен шарт жасасуға міндеттенетін, объектіні сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі конкурстық сауда-саттық нысаны;
      8) тендерлік комиссия – коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы объектіні сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін құрылған комиссия;
      9) тендерге қатысушы – тендерге қатысуға жіберілген жеке немесе заңды тұлға;
      10) шарт – коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы мен сенімгерлікпен басқарушының арасында жасалатын объектіні сенімгерлікпен басқарудың шарты;
      11) рентабельді емес мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын - үш жылдың ішінде ағымдағы, негізгі және негізгі емес қызмет көрсеткіштерінің төмендеуіне және/немесе олардың жоспарланған мөлшерлерді қамтамасыз етпеуіне жол берген, немесе қатарынан үш жылдың ішінде таза табыс бойынша жоспарлық көрсеткіштерін орындамаған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын.

2. Объектіні сенімгерлікпен басқаруға берудің тәртібі

      3. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім тиісті жергілікті атқарушы органмен қабылданады.
      4. Кейіннен сатып алу құқығымен, сонымен қатар рентабельді емес мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды оңалту үшін объектіні сенімгерлікпен басқаруды құрған жағдайда тендерді өткізу міндетті болып табылады.
      Кейiннен сатып алу құқығымен сенiмгерлікпен басқару кезінде тiкелей атаулы сату шарты сенiмгерлікпен басқару шартын сенімгерлік басқарушымен тиісті орындау шарты кезінде сенімгерлік басқару мерзімінің аяқталу күнінен 10 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жасалады.
      Тiкелей атаулы сату объектісін сатып алу Заңмен белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
      5. Рентабельді емес мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар рентабельді емес мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі ұсыныстарды коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысына енгізеді.
      6. Объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлікпен басқаруға беруді келесі жағдайларда:
      1) объектіні заңды тұлғалардың жарғылық капиталын төлеу есебіне бергенге дейін;
      2) теңгерім ұстаушылардың жазбаша келісімінің негізінде алаңы 100 шаршы метрге дейінгі үй-жайларды, ғимараттар мен имараттарды, қалдық құны ең төменгі есепті көрсеткіштен бір жүз елу еселенгеннен кем емес жабдықты бергенде тендер өткізбестен жүзеге асырылады.
      Кейiннен сатып алу құқығынсыз сенiмгерлікпен басқаруға объектіні тапсыру сенімгерлікпен басқарушымен шартты жасағаннан кейін 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
      7. Объектіні сенімгерлікпен басқаруға тендер өткізбестен берген кезде, еркін түрде мүдделі тұлғаның сенімгерлікпен басқаруына объектіні беруге арналған өтінімге мынандай құжаттар қоса беріледі:
      1) теңгерім ұстаушының объектіні сенімгерлікпен басқаруға жазбаша келісімі;
      2) объектінің қажеттілігіне негіздеме;
      3) заңды тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы), салық төлеуші куәлігінің көшірмелері, салықтық берешектің, өтінім беру күнінің алдындағы соңғы үш айдан астам міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;
      жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, салық төлеуші куәлігінің көшірмелері;
      жеке кәсіпкер үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, салық төлеуші куәлігінің көшірмелері, салықтық берешектің, өтінім беру күнінің алдындағы соңғы үш айдан астам міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы.
      8. Объектіні тендер өткізбестен сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде объектіні сенімгерлікпен басқаруға беруге өтінімді коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысымен он бес күнтізбелік күн ішінде қаралады.
      9. Объектіні тендер өткізбестен сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде сенімгерлікпен басқарушымен коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы не оның міндетін атқарушы тұлға жергілікті атқарушы органымен тиісті шешімді қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей шарт жасасады.

3. Объектіні сенімгерлікпен басқаруға беруге дайындау

      10. Объектіні сенімгерлікпен басқаруға беруге дайындауды коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы жүзеге асырады.
      11. Басқару органы коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысына акциялары (үлестері) не мүліктік кешені объекті болып табылатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, соңғы үш жылдағы қаржылық-шаруашылық қызметі туралы толық ақпаратты, объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсынысты береді.
      Өзге объектілер бойынша басқару органы коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысына объектінің сипаттамасын, объектінің теңгерімдік құны туралы мәліметтерді және объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсынысты береді.
      12. Мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ акциялары мен жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлестері сенімгерлікпен басқаруға беру объектісі болып табылатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың лауазымды адамдары коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының жазбаша сұрау салуы бойынша, олар белгілеген мерзімде объектіні сенімгерлікпен басқаруға беруге дайындау үшін қажетті мәліметтерді береді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес берілген мәліметтердің дұрыстығына жауапты болады.

4. Тендер өткізуге дайындық

      13. Коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы сенімгерлікпен басқаруды құру мақсатында:
      1) тендер ұйымдастырады (тендерлік комиссияның құрамы мен жұмыс регламентін бекітеді, тендерге қатысушыларды тіркейді, ақпараттық хабарламалардың жариялануын қамтамасыз етеді);
      2) кепілдік жарналарды қабылдайды;
      3) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні бағалауды жүргізуге шарттар жасасады;
      4) тендердің өткізілу барысын бақылауды жүзеге асырады;
      5) тендерге қатысушылармен және бағалаушылармен тендер өткізу рәсімдеріне байланысты есептерді жүзеге асырады;
      6) сенімгерлікпен басқарушымен шарт жасасады.
      14. Коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін тұрақты тендерлік комиссия құрады.
      Тендерлік комиссияның құрамына коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының, басқару органының, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері енгізіледі. Төраға мен хатшы коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының өкілдері болып табылады. Тендерлік комиссия құрамының саны кемінде бес адамнан тұрады. Хатшы тендерлік комиссияның мүшесі болмайды.
      15. Тендерлік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) кепілдік жарнаның мөлшерін бекітеді;
      2) тендердің шарттары және сенімгерлікпен басқару нысанының сипаттамаларына орай сенімгерлікпен басқарушыға қойылатын талаптарды белгілейді;
      3) тендер өткізеді;
      4) тендер жеңімпазын жариялайды.
      16. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерді ұйымдастыруға және өткізуге қажетті құжаттарды дайындайды және тендерлік комиссия хаттамасын ресімдейді.
      17. Тендерді өткізуге дайындық кезінде коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы объекті туралы ақпарат жинауды, ақпараттық хабарламаның уақтылы жариялануын қамтамасыз етеді, тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдауды және тіркеуді, бағалауды (объектіні кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) жүргізеді, келіп түскен материалдарды тендерлік комиссияның қарауына береді.

5. Тендерлік құжаттама

      18. Тендер өткізу туралы ақпараттық хабарлама тендер өткізудің жарияланған күніне дейін кемінде он бес күнтізбелік күн бұрын, ал акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде тендерді өткізгенге дейін кемінде отыз күнтізбелік күн бұрын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады, әрі мынандай мәліметтерді:
      1) тендердің шарттары мен тендер жеңімпазын анықтау өлшемдерін;
      2) тендер объектісінің қысқаша сипаттамасын;
      3) тендерді өткізу күнін, уақыты мен орнын;
      4) тендерге қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың тәртібін, тәсілін, орны мен соңғы мерзімін және тендерге қатысуға өтінім қолданысының талап етілетін мерзімін;
      5) кепілдік жарнаның мөлшері мен оның енгізу үшін банктің деректемелерін;
      6) сенімгерлікпен басқарушыға қойылатын талаптарды;
      7) басқару органдары ұсынған қосымша мәліметтерді қамтиды.
      19. Тендерлік комиссиямен тендердің шарттары өзгертілген жағдайда барлық өзгерістер туралы хабарлама осы Қағиданың 18-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде жариялануы тиіс.
      Тендер шарттарын өзгерту туралы хабарлама жарияланғанға дейін тендерге қатысуға өтінім тапсырған және оған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан тұлғаларға кепілдік жарналары мен өздеріне келтірілген шығыстары толық көлемде қайтарылады.
      20. Ақпараттық хабарлама жарияланғанға дейін акциялары мен жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлестері сенімділікпен басқаруға беру объектісі болып табылатын әрбір заңды тұлға бойынша коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы мынадай құжаттардың көшірмелерінен тұратын құжаттар пакетін дайындауы тиіс:
      1) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік;
      2) жарғы;
      3) эмиссияны тіркеу туралы куәлік;
      4) есепті кезеңнің алдындағы үш жылдағы қосымшаларымен бухгалтерлік теңгерімдер;
      5) мемлекеттік мүлік тізілімінен үзінді.
      Ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы тендерге қатысушы болуға тілек білдіргендерге объекті туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
      21. Тендерге қатысушылар тендер өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мөлшерде, мерзімде және тәртіппен кепілдік жарна енгізеді. Кепілдік жарнаның мөлшерін ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертуге болмайды. Кепілдік жарнаны қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізе алады. Кепілдік жарнаны алушы коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы болып табылады.
      22. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна әрбір объект үшін оның нарықтық құнының немесе теңгерімдік құнының (объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) он пайызы шегінде бөлек белгіленеді.
      23. Кепілдік жарна қатысушының мынадай міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылады:
      1) жеңген жағдайда тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;
      2) коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысымен шарт жасасу.
      24. Коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы кепілдік жарнаны:
      тендерге қатысушыларға – тендерге қатысудан оны өткізу күнінен үш жұмыс күнінен кем уақыт қалғанда бас тартса, осы Қағиданың 19-тармағының екінші бөлігінде қарастырылғаннан өзге жағдайларда;
      тендердің жеңімпазына – тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоюдан жалтарған кезде қайтармайды.
      25. Осы Қағиданың 24-тармағында көрсетілген басқа барлық жағдайларда кепілдік жарна тендер аяқталған күннен бастап он банктік күннен кешіктірілмейтін мерзімде, ал егер ақша коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының шотына тендер өткізілгеннен кейін түссе, онда олар түскен күннен бастап банктік он күн ішінде қайтарылады.
      Кепілдік жарналар сауда-саттыққа қатысушының деректемелері көрсетіліп, осы қатысушы берген кепілдік жарнаны қайтару туралы еркін түрде өтініштің негізінде қайтарылады.

6. Тендерді өткізу

      26. Тендерге қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.
      27. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды:
      1) тендерге қатысушыны тендер жеңімпазы деп жариялаған жағдайда оның жазбаша, ақпараттық хабарламада көрсетілген және тендерге қатысушының өзі ұсынған тендер талаптарында шарт жасасу міндеттемесін білдіретін тендерге қатысуға өтінімді;
      2) тендерді өткізу күнге дейін ашуға жатпайтын, басқа құжаттардан бөлек желімделген конвертте тендерге байланысты құжаттаманы қоса бере отырып, жазбаша түрде тендер шарттары бойынша ұсыныстарды;
      3) банктің (банктердің) мөрі басылған бірінші басшы немесе қол қоюға құқығы бар адам және бас бухгалтер қол қойған тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдында кемінде үш ай бұрын банк (банктер) алдында тендердің ықтимал қатысушысының мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы. Егер тендерге ықтимал қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің, сондай-ақ шет ел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен аудитті міндетті өткізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебін;
      5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып көшірмесін;
      6) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып жарғының көшірмесін. Шет ел заңды тұлғалары құрылтай құжаттарын нотариалды куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдерінде аудармасымен ұсынады;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, осы салық органының мөрі бар бірінші басшы немесе қол қою құқығы бар адам қол қойған тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдында кемінде үш ай бұрын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;
      8) коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының депозит шотына кепілдік жарнаны аудару туралы төлем тапсырмасының немесе түбіртектің (жеке тұлға үшін) түпнұсқасын;
      9) тендерге ықтимал қатысушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжатты (жеке куәлікті, паспортты (шет ел азаматтары үшін) не ішкі істер органдары берген уақытша жеке куәлікті ұсынған жағдайда жарамды);
      10) ықтимал қатысушының ақпараттық хабарламада көрсетілген сенімгерлікпен басқаруға қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.
      28. Жеке тұлға болып табылатын тендердің ықтимал қатысушысы осы Қағиданың 27-тармағындағы 1)2)10) тармақшаларында көзделген құжаттарды, сондай-ақ:
      1) жеке куәліктің, паспорттың (шет ел азаматтары үшін) немесе ішкі істер органдары берген уақытша жеке куәліктің көшірмесін;
      2) тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмастан, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесін (дара кәсіпкер үшін) ұсынады.
      29. Өтінімдерді қабылдау және тендерге қатысуға ниет білдірген адамдарды тіркеу талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы бар болған кезде жүргізіледі.
      30. Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарына сәйкес Тендердің шарттарында қарастырылған қызмет түрлерін жүргізбейтін заңды тұлға тендерге қатыспауы тиіс.
      31. Тендердің ықтимал қатысушыларының құжаттары тіркеу журналына тіркелгеннен кейін сейфте сақталады. Тендер өткізілетін күні тендерге қатысушылардың құжаттары тендерлік комиссияға беріледі.
      32. Тендер ашық болуы тиіс.
      33. Тендерлік комиссия тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттерін ашады және жеңімпазды анықтау өлшеміне (өлшемдеріне) сүйене отырып, тендерге қатысушылардың ұсыныстарын қарайды.
      34. Тендерлік комиссияның шешімі оның мүшелерінің қарапайым дауыс беру көпшілігімен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

7. Тендер нәтижелерін ресімдеу және шарт мазмұны

      35. Тендерлік комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған тендерлік комиссияның мүшелері, оның төрағасы және тендер жеңімпазы қол қояды. Тендерлік комиссияның мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша беруге және оны хаттамаға қоса беруге құқылы, ол туралы соңында белгі қойылады. Тендердің нәтижелеріне оның қатысушылары тендер жеңімпазын хабарлаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде шағым бере алады.
      36. Тендер нәтижелері туралы хаттама тендер жеңімпазы мен республикалық мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының тендер шарттарында шарт жасасу міндеттемелері мен тендер жеңімпазының ұсыныстарын белгілейтін құжат болып табылады.
      37. Тендер нәтижелерін тендер жеңімпазын хабарлаған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы бекітеді.
      Мынадай жағдайларда, егер:
      1) тендерлік комиссия қатысушылардың ұсыныстарын тендер шарттарын қанағаттандырмайды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтінді деп таныса;
      2) тіркелген қатысушылардың саны екеуден кем болса;
      3) тендерлік комиссия жеңімпаздың жоқ екені туралы шешім қабылдаса;
      4) тендер жеңімпазы тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартса, тендер өткізілмеді деп танылады.
      Тендер өтпеген деп танылған жағдайда, тендерлік комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
      объектіні тендерден алып тастайды;
      қайта тендер жариялайды;
      шарттарын өзгертіп жаңа тендер жариялайды.
      38. Тендердің бір тіркелген қатысушысы болған жағдайда тендерлік комиссия желімделген конвертті ашпайды. Тендер өткізілмеді деп танылғаннан кейін барлық ұсынылған құжаттар қатысушының жазбаша сұрауы бойынша оған қайтарылады.
      39. Объекті шарт жасасуға ниет білдірген жалғыз қатысушыға берілуі мүмкін үшінші және кейінгі тендерлерді қоспағанда, бір қатысушы қатысқан тендерлер өткізілмеді деп танылады.
      40. Мыналар:
      кәсіпорын қызметінің негізгі түрін сақтау;
      мыналарды:
      табыстылықты арттыру мақсатында қаржы көрсеткіштерін жақсарту бойынша ұсыныстарды;
      тиімді шаруашылық қызмет мақсатында өндіріс құрылымын, оның техникалық-технологиялық базасын қайта құру бойынша ұсыныстарды;
      маркетингтік қызметті ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды;
      неғұрлым ұтымды шарттарда қажетті қаржы қаражатын тарта отырып, кәсіпорынды қаржылық тұрақтандырудың (оңалтудың) қолданылатын тетіктері бойынша ұсыныстарды;
      бағдарламаны іске асыру мерзімін қамтитын кәсіпорынның қаржылық оңалту бағдарламасының болуы рентабельді емес мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды сенімгерлікпен басқаруға беру бойынша тендер жеңімпазын анықтаудың негізгі шарттары болып табылады.
      Басқару органы кәсіпорындар қызметінің ерекшелігін ескере отырып қосымша өлшемдерді ұсынуы мүмкін.
      41. Объектіні сенімгерлікпен басқару Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 700 қаулысымен бекітілген Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру Қағидасының 3-қосымшасына сәйкес сенімгерлікпен басқарудың үлгі шартқа сәйкес жасалатын шарт негізінде туындайды (құрылады).
      42. Шарт тендер жеңімпазының тендерлік ұсыныстарына сәйкес шарттарды қарастырады.
      43. Мыналарға:
      объектіге инвестициялардың көлемдеріне, түрлеріне және мерзімдеріне;
      өндіріс көлемдеріне, шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің түрлері мен номенклатурасына;
      нақты тұтынушыларға өнімді жеткізуге;
      баға белгілеуге, оның ішінде бағалардың шекті деңгейі бойынша шектеулерге;
      табиғат қорғау іс-шараларын өткізуге;
      қолда бар санын сақтап қалуға немесе жаңа жұмыс орындарын құруға;
      өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін пайдалану тәртібіне;
      объектінің берешектерін белгіленген мерзімдерде өтеуге;
      сенімгерлікпен басқарушының объектіні кейін сатып алуына;
      мәмілелер жасасуға және/немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде объектіге қатысты айқындалған әрекеттерге тыйым салуға;
      объектінің нарықтық құнын төлеу үшін бөліп төлеуді ұсынуға;
      объектіні сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде туындайтын салықтық міндеттемелерге қатысты сенімгерлік басқару міндеттемелері сенімгерлікпен басқару объектінің сипаттамасына орай объектіні сенімгерлікпен басқаруға беру шарттары болуы мүмкін.
      Басқару органы кәсіпорындар қызметінің ерекшелігін ескере отырып қосымша өлшемдерді ұсынады.
      44. Объектіні сенімгерлікпен басқарушының сатып алу шарттары шартпен анықталады.
      Сенімгерлікпен басқарушыға объектіні сатуға ол шартты тиісінше орындаған жағдайда ғана жол беріледі. Объектіні сату сатып алу-сату шартын жасасу арқылы нарықтық құн бойынша жүзеге асырылады.
      Сенімгерлікпен басқару мерзімі ішінде нарықтық құн инфляция деңгейіне сәйкес индекстеуге жатады және сатып алу-сату шартын жасасқан күннен кейін үш жылдан аспайтын мерзімге бөліп төленуі мүмкін. Нарықтық құнды бөліп төлеу мүмкіндігі сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі тендердің шарттарына енгізіледі. Нарықтық құнды бөліп төлеудің мерзімі мен тәртібі сатып алу-сату шартында айтылады.

8. Шарттың орындалуын бақылау

      45. Сенімгерлікпен басқарушымен шарт бойынша міндеттемелерін орындалуын бақылауды коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы жүзеге асырады.
      46. Бақылауды жүзеге асыру үшін коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы Шарттың орындалуына байланысты құжаттармен танысады, сондай-ақ қажет болған жағдайда тәуелсіз консультанттарды тарта отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес объектіні басқару тиімділігінің жыл сайынғы мониторингін жүргізеді.
      47. Сенімгерлікпен басқарушы коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысына өзінің қызметі туралы есепті шартта белгіленген мерзімдерде және тәртіппен ұсынады.
      48. Шарт талаптарының орындалуын бақылау сенімгерлікпен басқарушы міндеттемелерді орындауды аяқтаған сәтке дейін жүргізіледі.

9. Қорытынды ережелер

      49. Осы Қағидамен қарастырылған сенімгерлікпен басқару қатынастарына, Заңмен қарастырылған жағдайлардан басқа, осындай қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының нормалары тарайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады