Аршалы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 15 наурыздағы № 36/2 "2011 жылға арналған селолық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 41/3 шешімі. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 қыркүйекте № 1-4-193 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 29 маусымдағы № 6/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2012.06.29 № 6/4 шешімімен.
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аршалы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 15 наурыздағы № 36/2 «2011 жылға арналған Аршалы ауданының селолық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-4-188 тіркелген, 2011 жылғы 19 сәуірдегі «Вперед» аудандық газетінде, 2011 жылғы 22 сәуірдегі «Аршалы айнасы» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «1. Ауданның селолық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүзден айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде 2011 жылға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.»
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аршалы аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       В.Биджиев

      Аршалы аудандық мәслихат хатшысы           Ю.Сериков

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Аршалы ауданының әкімі                     Е.Маржықпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады