Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № А-2/47 қаулысы. Ақмола облысы Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 1 наурызда № 1-8-109 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № а-6/115 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 16.06.2015 № а-6/115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 1 қосымшаға сәйкес орындар белгіленсін.
      2. Сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізге
2 қосымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С.Ысқақоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егіндікөл ауданының әкімі                  Б.Сұлтанов

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақмола облысы денсаулық сақтау
      басқармасының жанындағы «Егіндікөл
      орталық аудандық ауруханасы»
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері                  Т.Д.Ахмедов

Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 22 ақпандағы
№ А-2/47 қаулысына 1 қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Рет

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Абай ауылы, Мектеп көшесі 2, Егіндікөл ауданы білім бөлімінің «Абай негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы жайма тақта.

2

Полтавское ауылы, Орталық көшесі 16, Егіндікөл ауданы білім бөлімінің «Алакөл орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы жайма тақта.

3

Көркем ауылы, Көркем көшесі 17, Егіндікөл ауданы білім бөлімінің «Көркем негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы жайма тақта.

4

Бауманское ауылы, Мектеп көшесі 1, Егіндікөл ауданы білім бөлімінің «Бауман орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы жайма тақта.

5

Буревестник ауылы, Мәдениет көшесі 42, Егіндікөл ауданы білім бөлімінің «Буревестник бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы жайма тақта.

6

Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі 11, Егіндікөл ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Егіндікөл аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимаратындағы жайма тақта.

7

Егіндікөл ауылы, Жамбыл көшесі 20, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Егіндікөл орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратындағы жайма тақта.

8

Жалманқұлақ ауылы, Ленин көшесі 12, Егіндікөл ауданы білім бөлімінің «Жалманқұлақ бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы жайма тақта.

9

Жұлдыз ауылы, ауыл орталығындағы жайма тақта.

10

Қоржынкөл ауылы, Мектеп көшесі 1, Егіндікөл ауданы білім бөлімінің «Днепропетров орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы жайма тақта.

11

Спиридоновка ауылы, Горький көшесі 8, Егіндікөл ауданы білім бөлімінің «Армавир орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы жайма тақта.

12

Ұзынкөл ауылы, Мектеп көшесі 3, Егіндікөл ауданы білім бөлімінің «Ушаков орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы жайма тақта.

13

Тоғанас ауылы, Ыбырай Алтынсарин атындағы көше 41, Егіндікөл ауданы білім бөлімінің «Жаңақоныс негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы жайма тақта.

Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 22 ақпандағы
№ А-2/47 қаулысына 2 қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарт
негізінде ұсынылатын үй-жайлар

Рет

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарт негізінде ұсынылатын үй-жайлар

1

Абай ауылы, Мектеп көшесі 2, Егіндікөл ауданы білім бөлімінің «Абай негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының фойесі.

2

Полтавское ауылы, Ружинский қиылысы 7, Егіндікөл ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Егіндікөл аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Алакөл ауылдық клубының залы.

3

Көркем ауылы, Көркем көшесі 17, Егіндікөл ауданы білім бөлімінің «Көркем негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының фойесі.

4

Бауманское ауылы, Мектеп көшесі 1, Егіндікөл ауданы білім бөлімінің «Бауман орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің акт залы.

5

Буревестник ауылы, Мәдениет көшесі 44, Буревестник ауылдық кітапхана залы.

6

Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі 11, Егіндікөл ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Егіндікөл аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының залы.

7

Жалманқұлақ ауылы, Ленин көшесі 12, Егіндікөл ауданы білім бөлімінің «Жалманқұлақ бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесінің № 3 кабинеті.

8

Жұлдыз ауылы, Ленин көшесі 12, Егіндікөл ауданы білім бөлімінің «Жалманқұлақ бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесінің № 3 кабинеті.

9

Қоржынкөл ауылы, Мектеп көшесі 1, Егіндікөл ауданы білім бөлімінің «Днепропетров орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің № 3 кабинеті.

10

Спиридоновка ауылы, Горький көшесі 8, Егіндікөл ауданы білім бөлімінің «Армавир орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің № 4 кабинеті.

11

Ұзынкөл ауылы, Мектеп көшесі 3, Егіндікөл ауданы білім бөлімінің «Ушаков орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің фойесі.

12

Тоғанас ауылы, Ыбырай Алтынсарин атындағы көше 42, Жаңақоныс ауылдық кітапхана залы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады