Егіндікөл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № а-6/115 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 шілдеде № 4874 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 11.11.2021 № а-11/158 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп Егіндікөл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 11.11.2021 № а-11/158 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Алынып тасталды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 11.11.2021 № а-11/158 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Егіндікөл ауданы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" 2011 жылғы 22 ақпандағы № А-2/47 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 1 наурызда № 1-8-109 тіркелген, "Егіндікөл аудандық газетінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 7 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Жақановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егіндікөл ауданының әкімі А.Тайжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Егіндікөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
О.В.Папенов

      2015 жылғы 16 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақмола облысы денсаулық сақтау
басқармасы жанындағы "Егіндікөл
орталық аудандық ауруханасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының бас дәрігері
Т.Д.Ахмедов

      2015 жылғы "16" маусым


  Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 маусымдағы
№ а-6/115 қаулысына
1-қосымша

Егіндікөл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 11.11.2021 № а-11/158 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

р/с №

Егіндікөл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1

Абай ауылы, Мир көшесі, 13, Егіндікөл ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесінің Абай ауылдық кітапханасы ғимаратының жанындағы стенд

2

Полтавское ауылы, Центральная көшесі, 16, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Полтавское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

3

Көркем ауылы, Көркем көшесі, 17, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Көркем ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

4

Бауман ауылы, Школьная көшесі, 1/2, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Бауман ауылыныңы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

5

Буревестник ауылы, Центральная көшесі, 6, ақпараттық стенд

6

Егіндікөл ауылы, Победа көшесі, 11, Егіндікөл ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Егіндікөл аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд

7

Егіндікөл ауылы, Жамбыл көшесі, 15, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Егіндікөл орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд

8

Жалманқұлақ ауылы, Ленин көшесі, 8, ауыл орталығындағы стенд

9

Жұлдыз ауылы, Школьная көшесі, 1, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Егіндікөл орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жұлдыз медициналық пункті ғимаратының жанындағы стенд

10

Қоржынкөл ауылы, Школьная көшесі, 18, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Қоржынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

11

Спиридоновка ауылы, Горький көшесі, 8, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Спиридоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

12

Ұзынкөл ауылы, Школьная көшесі, 29, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Ұзынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

13

Тоғанас ауылы, Школьная көшесі, 1, "Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Тоғанас ауылының негізгі орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд


  Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 маусым
№ а-6/115 қаулысына
2 қосымша

Сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға шарттық негізінде берілетін үй-жайлар

      Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 11.11.2021 № а-11/158 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады