Ерейментау ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № А-3/74 қаулысы. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 24 наурызда № 1-9-170 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № А-11/579 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2012.11.16 № А-11/579 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабы 2 тармағының 3 тармақшасына, сәйкес Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ерейментау ауданында үйде тәрбиеленетiн және оқитын әрбiр мүгедек балаға 6 (алты) айлық есеп көрсеткiшi мөлшерiнде тоқсан сайын мүгедек балаларға әлеуметтiк көмек көрсетiлсiн.
      2. Ерейментау ауданы әкімдігінің «Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға 2010 жылы әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № а-13/359 қаулысының (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 1-9-144 тіркелген, 2010 жылдың 20 ақпандағы «Ереймен» аудандық газетінде және 2010 жылдың 20 ақпандағы «Ерейментау» аудандық газетінде жарияланған» күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.К.Көшкінбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М.Мыңжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады