Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № А-11/579 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 7 желтоқсанда № 3519 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № а-8/446 қаулысымен

      Күші жойылды - Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 27.08.2014 № а-8/446 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметтің стандартына сәйкес Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Ерейментау ауданы әкімдігінің "Ерейментау ауданында үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 4 наурыздағы № А-3/74 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2011 жылдың 24 наурызында № 1-9-170 болып тіркелген, 2011 жылдың 24 наурызында аудандық № 13 "Ереймен", "Ерейментау" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Көшкінбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің м.а. С.Көшкінбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады