2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № А-2/96 қаулысы. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 наурызда № 1-13-128 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 04-596 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 26.06.2013 № 04-596 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар, «Ақмола облысы Жақсы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын және бекітілсін.
      3. 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Д.Бралинаға жүктелсін.
      5. Осы қаулы Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы ауданының әкімі                      И.Қабдуғалиев

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақмола облысы денсаулық сақтау
      басқармасы жанындағы «Жақсы
      орталық аудандық ауруханасы»
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорынның бас дәрігері                  Д.Киноятов

      «Қазақстан Республикасының ішкі
      істер Министрлігі Ақмола облысының
      ішкі істер Департаментінің Жақсы
      ауданының ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            К.Сатыбаев

      «Ақмола облысы Жақсы ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            А.Журбин

Жақсы ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 16 наурыздағы
№ А-2/96 қаулысына 1 қосымша

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2011.09.26 № А-8/911 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

Журбин Андрей Юрьевич

«Ақмола облысы Жақсы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)

Тайтанова Жанна Егінбайқызы

Жақсы ауданының әкімі аппаратының басшысы, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Аубакиров Ербол Советұлы

«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының ішкі істер департаменті Жақсы ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Абилдаева Гүлжан Тарғынқызы

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Жақсы орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның хирург дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша)

Титова Екатерина Николаевна

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Жақсы орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның медициналық бикесі, шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша)

Жақсы ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 16 наурыздағы
№ А-2/96 қаулысына 2 қосымша

2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында
мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу
кестесі

Аттары

Комиссия жұмыстарының
күндері

01.04

04.04

20.04

22.04

06.05

11.05

17.05

1.

Белағаш селосы

14







2.

Беловод с/о


11






3

Жақсы селосы



30




16

4.

Жаңақима с/о




25




5.

Запорожье с/о




21




6.

Ешім с/о






7

11

7.

Қайрақты с/о


7






8.

Калинин с/о

4







9.

Новокиенка с/о

9







10.

Қызылсай с/о


12






11.

Терісаққан с/о





15



12.

Чапай селосы

10







13.

Подгорное селосы





10

12


14.

Тарас с/о








15.

Киев селосы








кестенің жалғасы

Комиссия жұмыстарының
күндері

08.06

03.10

04.10

06.10

12.10

14.10

03.11

10.11

23.11

06.12


15











13










25

40







35




30

29






7




10




15







18











9



















10












13









17












14









19






















Ескерту
Қысқартылған сөздер:
с/о – селолық округі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады