2011 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдерін және субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 сәуірдегі № А-3/128 қаулысы. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 11 мамырда № 1-13-132 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 04-596 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 26.06.2013 № 04-596 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынысын назарға ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері, қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. 2011 жылдың 10 маусымына дейін субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімі анықталсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.М.Өтешевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                И.Кабдугалиев

Жақсы ауданы әкімдігінің 
2011 жылғы 21 сәуірдегі 
№ А-3/128 қаулысына қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2011.06.03. № А-5/181 (қолданысқа енгізу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен

2011 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері

Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Себу мерзімі

1

Кеш мерзімді пісетін жазғы бидай

12-29 мамыр

2

Орта мерзімді пісетін жазғы бидай

14 мамырдан 5 маусымға дейін

3

Ерте мерзімді пісетін жазғы бидай

18 мамырдан 7 маусымға дейін

4

Жазғы арпа мен сұлы

7 маусымға дейін

5

Ас бұршақ

10 - 26 мамыр

6

Ноқат

10 - 16 мамыр

7

Қарақұмық

25 мамырдан 5 маусымға дейін

8

Күнбағыс май тұқымға

10 - 20 мамыр

9

Рапс

15 - 25 мамыр

10

Майлы зығыр

15 - 23 мамыр

11

Бір жылдық шөптер

10 маусымға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады