Кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдардың түлектері және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 наурыздағы № 92 қаулысы. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 15 наурызда № 1-14-154 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 98 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 16.02.2015 № 98 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде жалпы жұмыс орны санының бір пайызы көлемінде кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдардың түлектері және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А. Таласбаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі

      Аудан әкімі                                Е.Сағдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады