Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 39-265 "2011 жылғы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2011 жылғы 9 тамыздағы № 42-287 шешімі. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 16 тамызда № 1-14-164 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 қарашадағы № 196 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 05.11.2014 № 196 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына сәйкес, Зеренді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың «2011 жылғы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 39-265 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-14-160 тіркелген, 2011 жылғы 24 мамырда «Зеренді» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып ұсынылсын».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                                  Н.Хасенов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                          Қ.Ауғалиев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Зеренді ауданының әкімі                         Е.Сағдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады