Бурабай ауданында 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезенде 1995 жылы туған, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын, еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 17 шешімі. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 1-19-215 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің 2012.05.24 № 8 шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу мақсатында, Бурабай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бурабай ауданында 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде 1995 жылы туған, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын, еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Щучинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б.Нұрпановаға жүктелсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының әкімі                    В.Балахонцев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақмола облысы Щучинск
      қаласының қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Н.Саманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады