Көшені қайта атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің әкімінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 26 шешімі. Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 мамырда № 3-4-116 тіркелді

     Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтін бойынша «аулы», «село», «селоның» деген сөздері «ауылы», «ауыл», «ауылдың» деген сөздермен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 17.11.2014 № 159 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңыңың 35 бабы 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" заңының 14 бабы 4 тармақшасы, 2011 жылғы 18 наурыздағы ауылы тұрғындары жиналысының хаттамасына сәйкес Қарауылкелді ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауыл орталығындағы Оңтүстік-1 көшесі жазушы, драматург, қазақ әдебиетінде, драматургиясында, кино саласында өзінің лайықты орны бар қаламгер Тәшенов Жұмабай есімімен аталсын.
      2. Ауылдың бас жобасына және ережеге сәйкес, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерімен келісе отырып көшедегі үй номерлерін белгілеу жүзеге асырылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қарауылкелді ауылдық округі әкімі

Б.Е.Елеусінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады