Миялы ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 10 қазанда № 3-4-118 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосына" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы" деген сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 24.11.2014 № 06 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 24.04.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Деректемелерінде қазақ тілінде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 24.04.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Миялы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Миялы ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      Миялы ауылы:
      1) Жем өзені
      2) Орталық
      3) Бесбай
      4) Тоғалай
      5) Көктерек
      6) Миялы
      7) Ащы
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 24.04.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Дияр ауылы:
      1) Мектеп
      2) Шалпық
      3) Желтау
      4) Артезиан
      5) Сарықұм
      6) Мыңғыр
      3. Бесбай ауылы:
      1) Ақжар
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз міндетіме аламын.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Миялы ауылдық округі әкімінің м.а. И.Мәнібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады