Қарғалы ауданы бойынша 2011 жылға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларының мөлшерін белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы № 276 шешімі. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 21 сәуірде № 3-6-120 тіркелді. Орындалу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 наурыздағы № 03-14/48 хаты.

      Ескерту. Орындалу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2012.03.19 № 03-14/48 Хаты.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қарғалы ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері:

      1) жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2011.07.26 № 295 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      2. Әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруына "Қарғалы аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі" ММ-не жүктелсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі Қарғалы аудандық мәслихатының "Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Аудандық мәслихат

Аудандық мәслихат

сессиясының төрайымы

хатшысы

Л.Ильчевская

Ж.Құлманов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады