Жаңаталап ауыл округінің көшелерінің атаулары туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жаңаталап ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысы Қобда аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 шілдеде № 3-7-109 тіркелді.

      Ескерту. Деректемелерінде орыс тілінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жанаталап ауылдық округі әкімінің 15.03.2017 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Жаңаталап ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 31 мамырдағы № 4 хаттамасы негізінде, Қобда ауданы Жаңаталап ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жанаталап ауылдық округі әкімінің 15.03.2017 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Жаңаталап ауылының келесі көшелеріне атаулар берілсін:
      1) Қайрат Рысқұлбеков көшесі;
      2) Иван Пятковский көшесі;
      3) Александр Липовой көшесі.
      2. Алынып тасталды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жаңаталап ауылдық округі әкімінің 13.01.2015 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жаңаталап ауыл округінің әкімі А. Муратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады