Жаңаталап ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 4 "Жаңаталап ауыл округінің көшелерінің атаулары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жаңаталап ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 ақпанда № 4191 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқарлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес Жаңаталап ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жаңаталап ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 4 "Жаңаталап ауыл округінің көшелерінің атаулары туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-109 санымен тіркелген, 2011 жылғы 25 қыркүйектегі аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "аульного", "аула" сөздері тиісінше "сельского", "села" сөздерімен ауыстырылсын;
      шешімнің 2 тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі С. Джумакулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады