Жиренқопа ауылдық округінің елді мекендерінің көшелері мен құрамдас бөліктеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жиренқопа ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 7 шілдедегі № 2 шешімі. Ақтөбе облысы Қобда аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 9 тамызда № 3-7-115 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жиренқопа ауылдық округі әкімінің 12.12.2014 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Деректемелерінде орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жиренқопа ауылдық округі әкімінің 09.03.2017 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Жиренқопа ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 3 маусымдағы № 1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Жиренқопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жиренқопа ауылдық округі әкімінің 09.03.2017 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Жиренқопа ауылының көшелері мен тұйық көшесіне төмендегі атаулары берілсін:
      1) Александр Шиковский көшесі
      2) Әлия Молдағұлова көшесі
      3) Амангелді Иманов көшесі
      4) Әліби Жангелдин көшесі
      5) Абай Құнанбаев көшесі
      6) Жастар тұйық көшесі
      2. Тентекқара ауылының көшесіне төмендегі атауы берілсін:
      1) Абай Құнанбаев көшесі
      3. Жиренқопа ауылының келесі көшелері мен тұйық көшесінің атауы өзгертілсін:
      1) Юбилейная көшесі – Исатай Тайманов көшесі;
      2) Ленина көшесі – Қобыланды көшесі;
      3) Новая көшесі – Желтоқсан көшесі;
      4) 60 лет Октября көшесі – Сәкен Сейфуллин көшесі;
      5) Степная көшесі – Ыбрай Алтынсарин көшесі;
      6) Набережная көшесі – Тұрар Рысқұлов көшесі;
      7) Садовая тұйық көшесі – Ардагер тұйық көшесі;
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауыл округінің әкімі Б.Алипов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады