2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1995 жылы туылған азаматтарды Мәртөк ауданының шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 15 желтоқсанда № 3-8-144 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімінің 2012.04.16 № 2 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы» қаулысын орындау үшін, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 1995 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар тіркеуден әртүрлі себептермен өтпеген, жас мөлшері 17 жастан асып кеткен азаматтарды Мәртөк ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында жүргізілсін.
      2. Мәртөк ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Ж.В.Сыдыков, келісім бойынша):
      1) осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру;
      2) осы шешімнің орындалуы жөніндегі ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2012 жылдың 25 наурызға дейін беру ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Б.Күзембаеваға жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М. Елеусізов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады