Жайсаң ауылдық округі көшелеріне атау беру және атауын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 12 қазанда № 3-8-138 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы, "аулы" деген сөздер "ауылдық", "ауылы" деген сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округі әкімінің 26.03.2015 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округі әкімінің 24.03.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес және халықтың пікірін ескере отырып, Жайсаң ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округі әкімінің 28.10.2020 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Жайсаң ауылдық округінің көшелеріне келесі атауларды берсін:

      Жайсаң ауылы -

      1) Садовая;

      2) Мира;

      3) Братьев Ходатаевых;

      4) Партизанская;

      Кокпекті ауылы -

      1) Қазақ;

      2) Орталық;

      3) Школьная;

      Ескерту. Қазақ тіліндегі шешімнің 1 тармағына өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округі әкімінің 28.10.2020 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Келесі көшелердің атауын өзгерту:

      Жайсаң ауылы –

      1) 50 лет Октября көшесін - Дінмухамед Қонаев көшесіне;

      2) Энгельса көшесін - Сағынбай Есенғалиев көшесіне;

      3) Кирова көшесін - Қамбар Медетов көшесіне;

      4) Советская көшесін - Болашақ көшесіне;

      5) Почтовая көшесін - Әлия Молдағұлова көшесіне;

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округі әкімінің 05.06.2018 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау ауылдық округінің бас маманы А.А.Таеваға жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жайсаң ауылдық округінің әкімі: А.А. Ридель

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады