Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының көшелер атауын қайта атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар селосының әкімінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 16 шешімі. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 18 қарашада № 3-9-156 тіркелді. Шешімнің атауына өзгеріс енгізілді Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының әкімінің 2015 жылғы 06 ақпандағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "селосының", "селосы" сөздері "ауылының", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының әкімінің 20.10.2014 № 19 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбына өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының әкімінің 06.02.2015 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, 16 бабының 2 тармағына сәйкес және Мұғалжар ауылы тұрғындары конференциясының хаттамасының негізінде Мұғалжар ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұғалжар ауылының төмендегі көшелері:
      Карьерная көшесі – Кеншілер көшесі
      Привокзальная көшесі – Теміржолшылар көшесі
      Центральная көшесі – Құлқай Әулие көшесі
      Школьная көшесі – Ынтымақ көшесі
      Советская көшесі – Достық көшесі
      Заводская көшесі – Зауыт көшесі деп қайта аталсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының әкімінің 06.02.2015 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауылының әкімі Ғ.Дәрімбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады