Қайыңды ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 7 қыркүйекте № 3-11-93 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің атауы мен мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 01.09.2015 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі 1, 2 тармақтарындағы "аула" сөздері "села" сөздерімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 04.04.2017 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қайынды ауылдық округінің ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 01.09.2015 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Ақжар ауылының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
      1) А.Иманов көшесі;
      2) Ш.Берсиев көшесі;
      3) Кеңес көшесі;
      4) Қайыңды көшесі;
      5) Мектеп көшесі;
      6) Жастар көшесі;
      2. Көсембай ауылының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
      1) Ынтымақ көшесі;
      2) Орталық көшесі:
      3) Бұлақ көшесі;
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі: Е. Бикиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады