Саралжын ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 21 қазандағы № 13 шешімі. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 9 қарашада № 3-11-100 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі 1, 2, 3, 4, 5 тармақтарындағы "аула" сөзі "села" сөзімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің 17.03.2017 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Саралжын ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің 10.09.2018 № 16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Саралжын ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Ә. Дербісәлин;

      2) Алаш;

      3) Ботагөз-2;

      4) Ақтөбе;

      5) Қазақстан;

      6) И. Құрманов;

      7) Кеңес көшесі;

      8) Қ. Шоланов;

      9) Таубатыр;

      10) Бейбітшілік;

      11) С. Керімбаева;

      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің 04.09.2020 № 29 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Шиқұдық ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Теректі;

      2) Мектеп;

      3. Ақкемер ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Жеткіншек;

      2) Бекет ата;

      3) Қиыл;

      Ескерту. 3 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің 04.09.2020 № 29 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Бестамақ ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Аяпберген;

      2) Тайсойған;

      3) Жасталап;

      5. Қоңырат ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Қоңырат;

      2) Ойыл;

      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі: М. Тажигалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады