Ойыл ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 10 қазандағы № 107 шешімі. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 9 қарашада № 3-11-99 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 01.10.2015 № 109 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14–бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ойыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 17.09.2018 № 108 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Ойыл ауылының көшесіне келесі атау берілсін:

      1) Тәуелсіздіктің 20 жылдығы;

      Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі 1 тармаққа өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 06.03.2017 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Ақшатау ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Жастар;

      2) Шалқыма;

      3) Ақжол;

      4) Балауса.

      3. Екпетал ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Барқын;

      2) Қыдырбаев Хайролла;

      3) Жасыл ел;

      4) Орманшы.

      4. Қаракемер ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Бейбітшілік;

      2) Ардагерлер;

      3) Достық;

      4) Ынтымақтастық.

      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл ауылдық округі әкімінің м.а: С. Нугыманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады