Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 108 қаулысы. Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 30 мамырда № 3-13-154 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 163 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2011.09.01 № 163 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 7 бабының 5–4 тармақшасына18-1 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. «Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Е.Е.Шотанов):
      1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерге, нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа жіберуді ұйымдастырсын.
      3. Осы мақсатқа арналған бюджетте көзделген қаражат шегінде әр әлеуметтік жұмыс орын үшін 26 000 теңге көлемінде төлем белгіленсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Қарашолақоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтардан басталған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы                              С.Көпенов.     

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 20 мамырдағы
№ 108 қаулысына
қосымша.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеуде, төмендегі талаптарға сай болуы керек:
      1) жұмыс берушілердің салық және бюджетке басқа төлемдер бойынша қарыздары жоқ және төлемдік қабілеттілігі бар болуы;
      2) нысаналы топтар үшін әдейі арналған уақытша жұмыс орындары немесе оларды құруға мүмкіндігі бар болуы;
      3) әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындарды пайдаланбау.
      2. Жасалған шарттың негізінде жұмыс беруші нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарды құрады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады