Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 225 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 13 желтоқсанда № 3-13-162 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 191 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 12.10.2012 № 191 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымша беріліп отырған, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары белгіленсін.
      2. Қала, селолық округтерінің әкімдері, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын стендтермен, тақталармен және тұғырлықтармен жарақтандыру жөнінде шаралар қолдансын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Қарашолақоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                           С. Көпенов.

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудандақ сайлау
      комиссиясының төрағасы                   Ж. Көптілеуов.

Шалқар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы
«2» желтоқсандағы № 225 қаулысына
қосымша.

Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихат
депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын
орналастыратын орындары.

Кала, село, елді
мекен атаулары

Орналастыру орны

1

Қауылжыр селосы

Мәдениет клубының алдындағы стенді. Есет батыр
көшесі, 1.

2

Бозой селосы

«Арай» мәдениет үйінің ғимараты алдындағы стенді.
Ұ.Бақтыбай көшесі, 31

3

Қаңбақты ауылы

Аяққұм негізгі мектебінің ғимараты
алдындағы стенді.

4

Шілікті селосы

Мәдениет үйінің алдындағы стенді. Сартепсен
көшесі, 6.

5

Қарашоқат станцасы

Орта мектеп ғимаратының алдындағы
стенді. Теміржолшылар көшесі, 13.

6

Шоқысу станцасы

Негізгі мектеп ғимаратының алдыңдағы стенді
Теміржолшылар көшесі, 5.

7

Қаратоғай селосы

Қаратоғай орта мектебінің ғимараты алдындағы
стенді. Молдағазы көшесі, 24.

8

Тұмалыкөл ауылы

М.Орынбасаров атындағы орта мектебінің ғимараты
алдындағы стенді. Мектеп көшесі, 12.

9

Мөңке би селосы

Мөңке би селолық округі әкімшілігінің ғимараты
алдындағы стенді. Ардагерлер көшесі, 15.

10

Біршоғыр станцасы

Селолық клубқа кіреберістегі стенді. Тихонов
көшесі, 3.
«Қалима» дүкеніне кіреберістегі стенді. О.Отарбаев
көшесі.

11

Алабас елді мекені

Алабас негізгі мектебінің ғимараты алдындағы
стенді. Бірлік көшесі, 2.

12

Сарысай елді
мекені

Сарысай негізгі мектебінің ғимараты алдындағы
стенді. Желтоқсан көшесі, 10.

13

Аққайтым селосы

Жаңақоныс орта мектебінің алдыңдағы стенді. Достар
көшесі, 1.

14

Қопасор ауылы

Қызылту негізгі мектебінің ғимараты алдындағы
стенді. Қопасор көшесі, 25.

15

Бегімбет селосы

«Ернұр»дүкеніне кіреберістегі стенді. Қарағұл
көшесі, 12.

16

Есет ауылы

«Сарыбұлақ» негізгі мектебінің ғимараты алдындағы
стенді. Ордақонған көшесі, 25.

17

Байқадам селосы

Қорғантұз орта мектебінің ғимараты алдындағы
стенді. Е.Көтібарұлы көшесі, 10.

18

Алақозы елді
мекені

Бұрынғы бастауыш мектеп ғимаратының алдындағы
стенді.

19

Қотыртас селосы

Актоғай селолық округі әкімшілігінің ғимараты
алдындағы стенді. Мектеп көшесі, 4.

20

Қорғанжар елді
мекені

Бастауыш мектеп ғимаратының алдындағы стенді.
Достық көшесі, 4.

21

Қауылжыр бекеті

Темір жол станцасы ғимаратының алдындағы стенді.
Ақжар көшесі, 18.

22

Тоғыз станцасы

№ 7 орта мектебінің ғимараты алдындағы стенді.
Толағай көшесі, 7.

23

Көпмола станцасы

№ 36 бастауыш мектеп ғимаратының алдындағы стенді.
Көпмола көшесі, 45.

24

Жылан станцасы

№ 33 бастауыш мектеп ғимараты алдындағы стенді.
Жылан көшесі, 33.

25

Жылтыр селосы

Ауылдық мәдениет үйіне кіреберістегі стенді.
Қайнар көшесі, 11.

26

Талдықұм ауылы

Орта мектеп ғимараты алдындағы стенді. Мектеп
көшесі, 11.

27

Шалқар қаласы.

Аудындық пошта байланыс торабының ғимараты
алдындағы қалқан. Әйтеке би көшесі, 54.
Темір жол бекетінің ғимараты алдындағы стенді.
Резванов көшесі, 45.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады