Ақсу ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы N 890 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ақсу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 24 қарашада N 2-4-139 тіркелді.Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 09 қаңтардағы N 3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 09.01.2013 N 3 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5)-тармақшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Меншік құқығына қарамастан, Ақсу ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш процент мөлшерінде квота белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2012.09.27 N 517 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қорғанбаев Сәбит Бейсебекұлына жүктелсін.
       3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ә. Дүйсембаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ақсу ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі бастығы                           Бекбаланов Қайрат Тынбайұлы
      22 қараша 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады