1984-1993 жылдары туылған Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі N 153 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Көксу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 20 мамырда N 2-14-110 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы N 130 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2012.03.30 N 130 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20-бабының 1-тармағына, 23-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 1163 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкметінің 2011 жылдың 11 наурыздағы N 250 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы N 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қаулысы негізінде Көксу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Кенттік, ауылдық селолық округ әкімдеріне, Балпық би кенті Мырзабеков көшесі, фирма "Али" мекен-жайындағы шақыру учаскесіне және Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Строитель көшесі N 13 үй мекен-жайындағы шақыру учаскесінде "Алматы облысы Ескелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа толмаған ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне Көксу аудандық шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сай құрамда құрылсын.
      3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сай бекітілсін.
       4. Кенттік, ауылдық округтердің әкімдері 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру мерзімінде әскер қатарына шақырылғандарды олардың шақыру учаскесіне шақырылғандығы туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      5. Аудандық ішкі істер бөлімі Бақмұрат Дүйсембайұлы Байжұрынов (келісім бойынша) әскери міндеттерін орандаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзіреті шегінде ұйымдастырып жүргізсін, ішкі істер органдары әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
      6. Көксу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 17 мамырдағы "Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына мерзімді әскери қызметке 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті шақыру туралы" N 134 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 26 мамырында 2-14-94 нөмірімен тіркелген "Нурлы Коксу" газетінде 2010 жылдың 25 маусымында N 26 жарияланған) орындалуына байланысты күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М. Өсербаев

Көксу аудан әкімдігінің
2011 жылдың 25 сәуірдегі N 153
"Қазахстан Республикасының
азаматтарын 2011 жылдың
сәуір-маусым және қазан-желтоқсан
айларында кезекті мерзімді
әскери қызметке шақыру
туралы" қаулысына
1-қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

      Қанағатов Асан Уахитұлы - Ескелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы;

      Садықова Әлия Секерғалиқызы - Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары.

      Комиссия мүшелері:

      Ақбасов Хасен Ерасылұлы - Көксу аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;

      Алшынбеков Жұмабек Махатұлы - Көксу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы;

      Әбішова Гүлнар Шабалинқызы - Көксу аудандық орталық аурухананың медбикесі, комииссия хатшысы.

Көксу аудан әкімдігінің
2011 жылдың 25 сәуірдегі N 153
"Қазахстан Республикасының
азаматтарын 2011 жылдың
сәуір-маусым және қазан-желтоқсан
айларында кезекті мерзімді
әскери қызметке шақыру
туралы" қаулысына
2-қосымша

Аудан бойынша азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізі
кестесі:

Р/с

Кенттік
ауылдық
округтер

Сәуір           Мамыр

Қазан

Желтоқсан

10

11

12

13

14

17

18

19

20

21

24

25

26

29

30

1

2

3

6

7

1

Айнабұлақ






+







+








2

Алғабас






+







+








3

Еңбекші








+






+







4

Жарлыөзек








+






+







5

Қабылиса








+






+







6

Мұқыры






+







+








7

Мұқаншы










+









+


8

Мұсабек










+









+


9

Лабасы










+









+


10

Балпық










+









+


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады