Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі N 04-339 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Талғар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 11 мамырда N 2-18-130 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 09-594 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 16.09.2016 № 09-594 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 1-тармағы 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 5-бабы 2-тармағына, 7-бабының 5-4)-тармақшасына, 18-1-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға әдейі арналған, жұмыс орындарының саны шектелмейтін, жұмыс уақытша сипатта болатын және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайтын ерекшеліктерді ескере отырып, жұмыс берушілердің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін, нысаналы топтардағы (табысы аз адамдар, жиырма бір жасқа дейінгі жастар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар, зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған), мүгедектер, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар, бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар, оралмандар, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер, жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші- жеке тұлғаның қызметінің тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар) жұмыссыздарды уақытша, жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы, әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
      2. Әлеуметтік жұмыс орнын құруды жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде жүзеге асырады. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыс түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылуға тиіс.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтағы жұмыссыздардың айлық жалақысы жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес белгіленсін.
      4. "Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (О.Ш.Бүркітов):
      1) нысаналы топтағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарына қабылдау мен жолдауын.
      2) нысаналы топтағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орнын ұсынатын жұмыс берушілермен келісім шарттар жасауын қамтамасыз етсін.
      5. Талғар ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 29 ақпандағы нөмірі 02-373 "2008-2010 жылдары Талғар ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" (2008 жылғы 14 сәуірдегі 2-18-67 нөмірімен нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылдың 17 мамырында "Талғар" газетінің N 23 санында жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Райхан Нұрмұрзақызы Садыковаға жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т. Өмірәлиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады