Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 14.12.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 576 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Қарағанды облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 10.12.2020 № 593 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 576 бабында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары ластағыш заттардың жеке түрлері бойынша Қарағанды облысы бойынша 1,4 есеге арттырылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 10.12.2020 № 593 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.2. Қарағанды облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларының мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (М.А. Перзадаев) және облыс әкімінің бірінші орынбасарына (Ғ.М. Матаев) жүктелсін.
4. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы | А. Поляков |
Облыстық мәслихаттың | |
хатшысы | Б. Жұмабеков |
КЕЛІСІЛДІ:
("Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы" облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 29 қарашадағы XLI сессиясының № 465 шешіміне)
Қарағанды облысы бойынша салық | |
департаментінің бастығы | Е. Жиенбеков |
29 қараша 2011 жыл
Қарағанды облысының экономика | |
және бюджеттік жоспарлау басқармасы | |
бастығының м.а | А. Молотовник |
29 қараша 2011 жыл
Нура-Сарысу экология | |
департаментінің бастығы | А. Райымбеков |
29 қараша 2011 жыл
Қарағанды облысының табиғи ресурстар және | |
табиғатты пайдалануды реттеу | |
басқармасы бастығының м.а | Р. Төлепбаев |
29 қараша 2011 жыл
Қарағанды облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 қарашадағы ХLI сессиясының № 465 шешіміне қосымша |
Қарағанды облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 10.12.2020 № 593 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
1. Стационарлық көздерден ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Күкірт тотықтары | 14 | |
2. | Азот тотықтары | 10 | |
3. | Шаң және күл | 5 | |
4. | Қорғасын және оның қосындылары | 2790,2 | |
5. | Күкіртсутек | 86,8 | |
6. | Фенолдар | 232,4 | |
7. | Көмірсутектер | 0,224 | |
8. | Формальдегид | 232,4 | |
9. | Көміртегі тотықтары | 0,16 | |
10. | Метан | 0,014 | |
11. | Күйе | 12 | |
12. | Темір тотықтары | 21 | |
13. | Аммиак | 16,8 | |
14. | Алты валентті хром | 558,6 | |
15. | Мыс тотықтары | 418,6 | |
16. | Бенз(а)пирен | 697,62 |
2. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Отын түрлері | Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 |
1. | Этилденбеген бензин үшін | 0,462 |
2. | Дизель отыны үшін | 0,63 |
3. | Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін | 0,336 |
3. Ластаушы заттарды төккені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Ластаушызаттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 |
1. | Нитриттар | 670 |
2. | Мырыш | 1876 |
3. | Мыс | 18762,8 |
4. | Оттегіне биологиялық қажеттілік | 4 |
5. | Тұзды аммоний | 34 |
6. | Мұнай өнімдері | 268 |
7. | Нитраттар | 1 |
8. | Жалпы темір | 187,6 |
9. | Сульфаттар (анион) | 0,4 |
10. | Өлшенген заттар | 1 |
11. | Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар | 27 |
12. | Хлоридтер (анион) | 0,1 |
13. | Алюминий | 27 |
4. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш) | |
1 тонна үшін | 1 гигабек-керель (Гбк) үшін | ||
1. | Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін: | ||
1.1. | Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы) | 0,19 | |
1.2. | Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар | ||
1.2.1. | "қызыл" тізім | 9,8 | |
1.2.2. | "жақұт" тізім | 5,6 | |
1.2.3. | "жасыл" тізім | 1,4 | |
1.2.4. | сыныпталмағандар | 0,63 | |
1.3. | Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар: | ||
1.3.1. | Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | ||
1.3.1.1. | аршынды жыныстар | 0,0028 | |
1.3.1.2. | жанас таужыныстары | 0,0182 | |
1.3.1.3. | байыту қалдықтары | 0,014 | |
1.3.1.4. | шлактар, шламдар | 0,0266 | |
1.3.2. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар | 0,0266 | |
1.3.3. | күл мен күлшлактар | 0,33 | |
1.3.4. | ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы | 0,0014 | |
2. | Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк): | ||
2.1. | Трансуранды | 0,38 | |
2.2. | Альфа-радиоактивті | 0,19 | |
2.3. | Бета-радиоактивті | 0,02 | |
2.4. | Шынақты радиоактивті көздер | 0,19 |