Қазақстан Республикасының Президентін сайлау кезінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын, сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды анықтау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарағанды қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 17 ақпандағы N 07/01 қаулысы. Қарағанды облысы Қарағанды қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 18 ақпанда N 8-1-129 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы N 55/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 2011.12.01 N 55/01 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерлердің сайлаушылармен кездесуі үшін 1 қосымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.
      2. Қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп (Е.Р. Асаинов – келісім бойынша) үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 2 қосымшаға сәйкес орындар анықталсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазыбек би атындағы ауданның әкімі Е.Б. Отаровқа және Октябрь ауданының әкімі С.В. Касимовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды қаласының әкімі                  Б. Әбдішев

Қарағанды қаласы әкiмдiгiнiң
2011 жылғы 17 ақпандағы
N 07/01 қаулысына 1 қосымша

Қарағанды қаласы бойынша сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жайлардың мекенжайлары

N

Аудан атауы

Үй-жайлардың мекенжайы

Жалпы көлемi

1.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің химия факультетінің акт залы, Мұқанов көшесі, 41 (келісім бойынша)

153 орын

2.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Мемлекеттік қызметшілердің және білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта дайындау институтының акт залы, Жәнібеков көшесі, 42 (келісім бойынша)

150 орын

3.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Д.А. Қонаев атындағы колледждің акт залы, Ермеков көшесі, 28 (келісім бойынша)

70 орын

4.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

"Молодежный" мәдениет сарайының залы, 22 ықшамаудан

577 орын

5.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

"Темiржолшылар" мәдениет сарайының залы, М. Мәметова көшесі, 111

406 орын

6.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

Жаңа Майқұдық мәдениет сарайының кіші залы, Магнитогорская көшесі, 19

200 орын

Қарағанды қаласы әкiмдiгiнiң
2011 жылғы 17 ақпандағы
N 07/01 қаулысына 2 қосымша

Қарағанды қаласы бойынша баспа материалдарды орналастыру орындарының орналасуы

N

Аудан атауы

Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшін

1.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

С. Сейфуллин көшесі бойынша "Монша" аялдамасындағы музыкалық комедия театрының ақпараттық қалқаны

2.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Құрылысшылар даңғылындағы "Сарыарқа" кинотеатрының жанындағы ақпараттық қалқан

3.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Степной-3 ықшамауданы, "Турист" дүкенi аялдамасындағы ақпараттық қалқан

4.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Ерубаев көшесі - Бейбiтшiлiк бульвары қиылысындағы Қ. Байжанов атындағы концерттiк бiрлестiктiң ақпараттық қалқандары

5.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

Қазақстанның 50 жылдығы атындағы аудандық саябақтағы ақпараттық қалқан

6.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

"Умай" сауда үйі алдындағы ақпараттық қалқан

7.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

Автобекеттегі ақпараттық қалқан, 21 ықшамаудан

8.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

Автобекеттегі ақпараттық қалқан, 23 ықшамаудан

9.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

Мануильский көшесі, 6 орналасқан ақпараттық қалқан (Сұрыптау)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады