Қазақстан Республикасының Президентін, Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын, сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды анықтау туралы

Күшін жойған

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы N 55/01 қаулысы. Қарағанды қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 желтоқсанда N 8-1-143 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалаcының әкімдігінің 2014 жылғы 13 тамыздағы N 33/08 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалаcының әкімдігінің 13.08.2014 N 33/08 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарына үміткерлердің сайлаушылармен кездесуі үшін 1 қосымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.
      2. Қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп (Е.Р. Асаинов – келісім бойынша) үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 2 қосымшаға сәйкес орындар анықталсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазыбек би атындағы ауданның әкімі Ж.М. Ысқақовқа және Октябрь ауданының әкімі Н.Е. Әубәкіровке жүктелсін.
      4. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 17 ақпандағы "Қазақстан Республикасының Президентін сайлау кезінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын, сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды анықтау туралы" N 07/01 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне - 18 ақпан 2011 жылы N 8-1-129 болып тіркелген, 2011 жылғы 24 ақпандағы "Орталық Қазақстан" газетінің N 22, 2011 жылғы 24 ақпандағы "Индустриальная Караганда" газетінің N 30 газеттерінде жарияланған).
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды қаласының әкімі                  Б. Әбдішев

Қарағанды қаласы әкiмдiгiнiң
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
N 55/01 қаулысына 1 қосымша

Қарағанды қаласы бойынша
сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жайлардың мекенжайлары

N

Аудан атауы

Үй-жайлардың мекенжайы

Жалпы көлемi

1.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің химия факультетінің акт залы, Мұқанов көшесі, 41 (келісім бойынша)

153 орын

2.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Саңыраулар мәдениет үйінің акт залы, Н. Әбдіров даңғылы, 31

90 орын

3.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

N 12 кәсіби лицейдің акт залы, Баженов көшесі, 169

270 орын

4.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Мемлекеттік қызметшілердің және білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының акт залы, Жәнібеков көшесі, 42 (келісім бойынша)

100 орын

5.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Д.А. Қонаев атындағы колледждің акт залы, Ермеков көшесі, 28 (келісім бойынша)

70 орын

6.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

"Молодежный" мәдениет сарайының залы, 22 ықшамаудан

550 орын

7.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

"Темiржолшылар" мәдениет сарайының залы, М. Мәметова көшесі, 111

420 орын

8.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

Жаңа Майқұдық мәдениет сарайының кіші залы, Магнитогорская көшесі, 19

100 орын

Қарағанды қаласы әкiмдiгiнiң
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
N 55/01 қаулысына 2 қосымша

Қарағанды қаласы бойынша
баспа материалдарды орналастыру орындарының орналасуы

N

Аудан атауы

Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшін

1.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

С. Сейфуллин көшесі бойынша "Монша" аялдамасындағы музыкалық комедия театрының ақпараттық қалқаны

2.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Құрылысшылар даңғылындағы "Сарыарқа" кинотеатрының жанындағы, ақпараттық қалқан

3.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Степной-3 ықшамауданы, "Турист" дүкенi аялдамасындағы ақпараттық қалқан

4.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Ерубаев көшесі - Бейбiтшiлiк бульвары қиылысындағы Қ. Байжанов атындағы концерттiк бiрлестiктiң ақпараттық қалқандары

5.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Бұқар жырау даңғылындағы кеншілер мәдениет сарайы жанындағы ақпараттық қалқан

6.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Бұқар жырау даңғылындағы С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының алдындағы ақпараттық қалқан

7.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Құрылысшылар даңғылы бойынша "Емхана" аялдамасындағы ақпараттық қалқан

8.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

К. Станиславский атындағы орыс драма театрының алдындағы ақпараттық қалқан

9.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Бұқар жырау даңғылындағы Қ. Байжанов атындағы концерт залының алдындағы ақпараттық қалқан

10.

Қарағанды (Қазыбек би атындағы аудан)

Бұқар жырау даңғылындағы "Грандстор" сауда үйінің алдындағы жарнама қалқаны

11.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

"Ботагөз" кинотеатрының ауданындағы ақпараттық қалқан

12.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

"Ұмай" сауда үйінің алдындағы ақпараттық қалқан

13.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

Автобекеттегі ақпараттық қалқан, 21 ықшамаудан

14.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

Автобекеттегі ақпараттық қалқан, 23 ықшамаудан

15.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

Мануильский көшесі, 6 бойынша, ақпараттық қалқан (Сұрыптау)

16.

Қарағанды (Октябрь ауданы)

Темір битон бұиымдары зауытының жанындағы ақпараттық қалқан (Узенка поселкесі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады