Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Парламент депутаттарын, облыс және қала мәслихаттары депутаттарын сайлау кезінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын, сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жайларды анықтау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 2 наурыздағы N 06/01 қаулысы. Қарағанды облысы Жезқазған қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 наурызда N 8-2-137 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы N 33/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2011.12.23 N 33/01 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабы 4, 6 тармақтарына сәйкес Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасының Парламент депутаттығына, облыс және қала мәслихат депутаттығына үміткерлердің Жезқазған қаласы бойынша сайлаушылармен кездесулері үшін 1 қосымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.
      2. Қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп (Н.Г. Яресько - келісім бойынша) Жезқазған қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 2 қосымшаға сәйкес орындар анықталсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Б.Қ. Шыңғысовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласының әкімі                  Б. Әбдіғалиұлы

Жезқазған қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 2 наурыздағы
N 06/01 қаулысына
1 қосымша

Жезқазған қаласы бойынша сайлаушылармен кездесулерге арналған үй-жайлардың мекен-жайлары

N

Елді мекеннің атауы

Үй-жайлардың мекен-жайлары

Үй-жайдың жалпы көлемі (шаршы метр)

1

Жезқазған қаласы

С. Қожамқұлов атындағы сазды-драма театрының көрме залы Желтоқсан көшесі, 2 үй (келісім бойынша)

305,59

2

Жезқазған қаласы

N 7 орта мектебінің акт залы, М. Жәлел көшесі, 12 үй

176,4

3

Жезқазған қаласы

N 9 орта мектебінің акт залы, Ержанов көшесі, 11 үй

189

4

Жезқазған қаласы

N 10 орта мектебінің акт залы, Марғұлан көшесі, 50 үй

150,6

5

Кенгір селосы

N 2 орта мектебінің акт залы, Школьная көшесі, 2 үй

145

6

Талап селосы

N 6 орта мектебінің акт залы, Молодежная көшесі, 7 үй

180

7

Малшыбай селосы

N 15 орта мектебінің акт залы

65,58

8

Теректі станциясы

N 6 орта мектебінің акт залы

96

Жезқазған қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 2 наурыздағы
N 06/01 қаулысына
2 қосымша

Жезқазған қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

N

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1

Жезқазған қаласы

Бейбітшілік даңғылы мен "Ғарышкерлер" бульварының қиылысы

С. Сейфуллин көшесі мен Алашахан даңғылының қиылысы

темір жол вокзалы аймағы

автовокзал аймағы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады