Теміртау қаласында жолаушыларды және багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті көтеру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 6 қазандағы N 39/1 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2011 жылғы 31 қазанда N 8-3-125 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы N 22/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 04.06.2015 N 22/1 (оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 3137-баптарын басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Теміртау қаласында жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бірыңғай тарифі елу теңге көлемінде белгіленсін.
      2. "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Алтынбек Атабекұлы Есмұрзаев осы қаулыны орындау бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген тәртіпте іс-әрекет жасасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Гүлмира Нұрмұқанқызы Күсеноваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Н. Сұлтанов

      КЕЛІСІЛДІ

      Теміртау қалалық
      мәслихатының хатшысы
      _____________ А. Аркатов
      06 қазан 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады