Қаражал қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 3 тамыздағы N 210 қаулысы. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 24 тамызда N 8-5-113 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 68/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 16.05.2016 № 68/2 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2012.08.28 N 229 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
      Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту мақсатында, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қаражал қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға әр санат үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2012.08.28 N 229 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А. Құрмансейітовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Әкім
Ғ. Әшімов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады