Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарының және кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлардың тізімі туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы N 05/01 қаулысы. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 наурызда N 8-6-117 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 03/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 04.02.2016 № 03/01 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының негізінде Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Сәтбаев қаласы Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес берілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкім
С.Т. Медебаев

      

  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 1 наурыздағы
N 05/01 қаулысына
1 қосымша

Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 30.10.2013 N 26/18 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындар
1
Сәтбаев қаласы
Ұлытау көшесі № № 86, 90 үйлердің ортасында (автобекет ауданы)
2
Комаров көшесі, № 25 үй жанында ("Қазақтелеком" АҚ ауданы)
3
Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 88 үй жанында ("Кооптранс" базарының ауданы)
4
Жезқазған кенті
Әбиев көшесі, № 21 А үй жанында ("Горняк" мәдениет үйінің ауданы)
5
Весовая елді мекені
Киров көшесі, № 22 үй жанында ("Теміржол көлік жолдарының кәсіпорыны" клуб ауданы)
6
Сәтбаев селосы
№ 17 мектеп жанында

  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 1 наурыздағы
N 05/01 қаулысына
2 қосымша

Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар мекен-жайлары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 02.03.2015 N 06/16 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


Елді мекеннің атауы
Сайлаушылармен кездесулерге арналған үй-жайлар және орналасқан мекен-жайлары
Үй-жайдың жалпы көлемі (шаршы метр)
1
Сәтбаев қаласы
Абай атындағы № 4 лицей мектебінің акт залы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 114А үй,
телефон: 3-33-36
215,2
2
Сәтбаев қаласы
Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның акт залы, Комаров көшесі, № 11А үй,
телефон: 3-34-68
154,4
3
Жезқазған кенті
№ 2 орта мектептің акт залы, Әуезов көшесі, № 37А үй,
телефон: 7-75-13
61,5
4
Весовая елді мекені
№ 10 жалпы білім беретін орта мектептің акт залы, Киров көшесі, № 13 үй,
телефон: 6-01-20
78
5
Сәтбаев селосы
№ 17 мектептің акт залы,
телефон: 6-01-66
68,6

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады