Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарының және кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлардың тізімі туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы № 05/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 30 қазандағы N 26/18 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қарашада N 2424 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 03/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 04.02.2016 № 03/01 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 05/01 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарының және кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлардың тізімі туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-117 болып тіркелген, 2011 жылдың 30 наурыздағы "Шарайна" газетінің № 25 (1891) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
      көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау әкім аппаратының басшысы А.С. Нысанбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сәтбаев қаласының әкімі
Ә.С. Омар

      

  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 30 қазандағы
№ 26/18 қаулысына 1 қосымша
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 01 наурыздағы
№ 05/01 қаулысына 1 қосымша

Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары


Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындар
1
Сәтбаев қаласы
Ұлытау көшесі № № 86, 90 үйлердің ортасында (автобекет ауданы)
2
Комаров көшесі, № 25 үй жанында ("Қазақтелеком" АҚ ауданы)
3
Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 88 үй жанында ("Кооптранс" базарының ауданы)
4
Жезқазған кенті
Әбиев көшесі, № 21 А үй жанында ("Горняк" мәдениет үйінің ауданы)
5
Весовая елді мекені
Киров көшесі, № 22 үй жанында ("Теміржол көлік жолдарының кәсіпорыны" клуб ауданы)
6
Сәтбаев селосы
№ 17 мектеп жанында

  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 30 қазандағы
№ 26/18 қаулысына 2 қосымша
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 01 наурыздағы
№ 05/01 қаулысына 2 қосымша

Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар мекен-жайлары


Елді мекеннің атауы
Сайлаушылармен кездесулерге арналған үй-жайлар және орналасқан мекен-жайы
Үй-жайдың жалпы көлемі (шаршы метр)
1
Сәтбаев қаласы
Абай атындағы № 4 лицей мектебінің акт залы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 114 А үй, телефон: 3-33-36
215,2
2
Сәтбаев қаласы
Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның акт залы, Комаров көшесі, № 11 А үй, телефон: 3-34-68
154,4
3
Жезқазған кенті
№ 2 орта мектептің акт залы, Әуезов көшесі, № 37 А үй, телефон: 2-23-20
61,5
4
Весовая елді мекені
"Теміржол көлік жолдарының кәсіпорыны" клубының акт залы, Киров көшесі, № 20 үй, телефон: 2-26-61
220
5
Сәтбаев селосы
№ 17 мектептің акт залы, телефон: 6-01-66
68,6

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады