Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1995 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің 2011 жылғы 22 қарашадағы N 2 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 9 желтоқсанда N 8-12-117 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес, Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1995 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізу, оларды әскери есепке алуды, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпыбілімділік деңгейін және мамандығын белгілеу, шақырушылардың дене шынықтыруының дайындық деңгейін анықтау мақсатында, Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1995 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеу, 2012 жылдың қаңтар айынан наурызына дейін өткізілсін.
      2. Жаңаарқа ауданының ауылдық округтар және кент әкімдері ұландардың Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру комиссиясына ұйымдастырушылық және міндетті келуін қамтамасыз етсін.
      3. Жаңаарқа ауданы әкімінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы "Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын 1994 жылы туған азаматтарды 2011 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу шараларын ұйымдастыру туралы" № 1 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-12-97 болып тіркелген, "Жаңаарқа" газетінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 66-67 (9422) санында жарияланған) күші жойылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Марат Жандаулетұлы Жандаулетовке жүктелсін.
      5. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ғ. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады