"2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 37/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылңы 14 ақпандағы N 39/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 11 қарашадағы N 49/2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 05 желтоқсанда N 10-1-196 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда қалалық мәслихатының 2012 жылғы 13 қаңтардағы N 15 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда қалалық мәслихатының 2012.01.13 N 15 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына, сондай-ақ Қызылорда облысының Әділет департаментінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі N 2-6/3555 шешімге өзгерістер енгізу арқылы заңнамаға сәйкестендіру ұсынысына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 37/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 14 ақпандағы N 39/1 шешімнің 1-тармағындағы орыс тіліндегі нұсқасының мәтініндегі "б/н" сөздері "без номера" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2. аталған шешімнің мемлекеттік тіліндегі мәтінің 1-қосымша және 2-қосымшасындағы:

"

1, 2-қосымша Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 14 ақпандағы кезектен тыс XXXIX сессиясының N 39/1 шешімімен бекітілген

деген сілтемелер

Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 14 ақпандағы кезектен тыс XXXIX сессиясының N 39/1 шешімімен бекітілген 1, 2-қосымша

"

деген сілтемелермен ауыстырылсын.
      3. Осы шешім 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қалалық мәслихаттың
      кезектен тыс ХХХХІХ
      сессиясының төрағасы                     М. КӘРІМБАЕВ

      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы                     И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады