Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 06 сәуірдегі N 38 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Арал аудандық Әділет басқармасында 2011 жылы 06 мамырда N 10-3-184 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 05 наурыздағы N 36 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2012.03.05 N 36 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 Қаулысына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді (жастар тәжірибесі) ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) халықты жұмыспен қамтуға ықпал етудің тиімді саясатын қамтамасыз етсін, халықтың нысаналы топтарын қолдау үшін қосымша шаралар қабылдасын;
      2) осы қаулының орындалу барысы туралы ақпаратты тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 жұлдызына "Арал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жолдасын.
      3. "Әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 4 мамырдағы N 70 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 19 мамырда 10-3-138 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2009 жылғы 23 мамырындағы N 40 санында ресми жарияланған), "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 4 мамырдағы әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2010 жылғы 8 ақпанындағы N 17 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 1 наурызда 10-3-152 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2010 жылғы 3 наурыздағы N 17 санында ресми жарияланған), "Арал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 мамырдығы N 70 қаулысына ішінара өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" аудан әкімдігінің 2010 жылғы 26 тамыздағы N 106 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 5 қазанда 10-3-169 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2010 жылғы 9 қазандағы N 80 санында ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Арал ауданы әкімінің орынбасары К. Данабайға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданының әкімі                           Н. Мұсабаев

      Арал ауданы әкімдігінің
      2011 жылғы "06" сәуірдегі
      N 38 қаулысымен бекітілген
      қосымша

Кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді (жастар тәжірибесі) ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидасы       1. Жалпы ережелер

      1. Кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру (әрі қарай – жастар тәжірибесі) азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басты бір бағыты және олардың жұмысқа орналасуына қосымша ықпал жасау болып табылады.
      2. Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арнайы орта, жоғары оқу орындарын бітіріп, кәсіби мамандық алған жұмыссыз жастарды өз мамандықтары бойынша тәжірибе жинақтауға, еңбек нарығындағы бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында жастар тәжірибесінен өткізеді.
      3. Жастар тәжірибесі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайтын бизнес саласында ұйымдастырылады (әрі қарай-жұмыс беруші).
      4. Жастар тәжірибесін өткізуді жүзеге асыру Республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
      5. Жастар тәжірибесін ұйымдастыруды бақылау "Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.

       2. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру

      6. Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастардың жұмысқа орналасуын талдау негізінде кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтардың санын анықтайды.
      7. Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс беруші жөнінде олардың дамуы, өндірісінің кеңеюі жөніндегі мәліметтерді жинақтап жастар тәжірибесіне қатысушыларды жұмысқа қабылдау мүмкіндігін анықтайды.
      8. Жұмыс берушілер жөніндегі мәліметті талдау қорытындысын негізге ала отырып, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастар тәжірибесіне қатыстыруға кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтарды жасақтайды.
      9. Үміткерлерді іріктеу кезінде төмендегі ерекшеліктер ескеріледі:
      1) үміткерлердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұруы;
      2) іріктеу кезеңінде оған лайықты жұмыстың болмауы;
      10. Жастар тәжірибесіне қатысушы жұмыссыздар осы тәжірибе басталған уақыттан бастап 1 рет қатыса алады және жұмыссыз есебіне тіркелген уақытына қарай жүргізіледі.
      11. Уақытша жұмыс орнын ұсынғысы келетін жұмыс беруші оқу орнын бітірген түлектермен жастар тәжірибесінен өту үшін аудандық жұмыспен қамту орталығымен еңбек шартын жасайды. Еңбек шартта қабылданатын жұмыссыздар саны, мамандықтар тізімі, қажет болған жағдайда қосымша кәсіби дайындығы, жастар тәжірибесіне қатысушылардың кәсіби білімдерін, біліктілігін, дағдылануын өзінің мамандығына сәйкес үйретілетіндігі көрсетіледі. Еңбек шарты алты айдан аспайтын мерзімге.
      12. Осы еңбек шарты негізінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыссыздың келісімімен, жұмыс берушіге жолдама береді. Жұмыс беруші берілген жолдаманы толтырып қайтадан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қайтарады.
      13. Жұмыс беруші жұмысқа қабылданған үш күн ішінде жастар тәжірибесіне қатысушымен жасалған еңбек шартты немесе жұмысқа қабылданған бұйрықтың көшірмесін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсыру сұралады.

       3. Жастар тәжірибесін қаржыландыру

      14. Жастар тәжірибесін өткізу мемлекеттік бюджеттен "Бизнестің жол картасы - 2020" Жастар тәжірибесін ұйымдастыру бағдарламасы арқылы төленеді.
      15. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбек ақысын төлеу еңбек шартына сәйкес, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 26 000 (жиырма алты мың) теңге көлемінде жалақы төленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады