Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығына орай азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі N 136 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қазалы аудандық әділет басқармасында 2011 жылы 06 мамырда N 10-4-149 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 09 ақпандағы N 58 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2012.02.09 N 58 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңдарына және Қазалы аудандық Мәслихатының 2011 жылғы 29 наурыздағы ХХХV сессиясының N 276 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-4-147 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығына орай жергілікті бюджеттер есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету мынадай мөлшерде жүзеге асырылады:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерiне – 66 000 теңге;
      2) Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 25 000 теңге;
      3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға – 26 042 теңге.
      2. Біржолғы материалдық көмек әрбір алушының банктік операцияларды жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда зейнетақылар мен жәрдемақыларды есептеу үшін ашылған жеке шоттарына аудару жолымен төленеді.
      3. "Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж. Жалғасбай) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Г. Нармағамбетоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                        С. Аманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады