"Тереңөзек кенті шекарасын бекіту туралы" 2008 жылғы 22 қазандағы аудан әкімдігінің N 545 Қаулысына және аудандық мәслихаттың N 104 Шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы N 524 қаулысы және Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2011 жылғы 15 желтоқсандағы N 370 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 10 қаңтарда N 10-8-166 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі N 236 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 30.04.2014 N 236 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабын басшылыққа ала отырып Сырдария аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕМІЗ және Сырдария аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
      1. "Тереңөзек кенті шекарасын бекіту туралы" 2008 жылғы 22 қазандағы аудан әкімдігінің N 545 Қаулысына және аудандық мәслихаттың N 104 Шешіміне (Әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 28 қарашада мемлекеттік тіркеу N 10-8-76, "Тіршілік тынысы" газетінің 2008 жылғы 03 желтоқсандағы N 96 шығарылымында жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
      Аталған қаулы мен шешімнің бірінші абзацындағы "жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ қолданысқа жарияланған күннен бастап енгізіледі.

      Аудан әкімі                                        С. Тауипбаев

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс ХХХХІІІ сессиясының төрағасы                   Р. Есенов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы                       А. Атақаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады