Тереңөзек кенті шекарасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 22 қазандағы N 545 қаулысы мен Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 қазандағы N 104 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария аудандық Әділет басқармасында 2008 жылы 28 қарашада N 10-8-76 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі N 236 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 30.04.2014 N 236 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
      Ескерту. Қаулы мен шешім толықтырылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011.12.15 N 524 қаулысымен және Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2011.12.15 N 370 шешімімен.
      1. Тереңөзек кентінің шекарасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес көлемі-1347 гектар болып бекітілсін.
      2. "Тереңөзек кенті шекарасын қайта бекіту туралы" 2007 жылғы 3 тамыздағы N 321/377 санды аудан әкімдігі және аудандық мәслихат БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМНІҢ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 7 қыркүйек мемлекеттік тіркеу N 10-8-52, "Тіршілік тынысы" газетінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі N 78 шығарылымында жарияланған) заңды күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ қолданысқа ресми жарияланған күннен бастап енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      С. Тәуіпбаев

      Аудандық мәслихаттың
      кезекті VIII сессиясының
      төрағасы                                         И. Абдықалықов

      Аудандық мәслихат хатшысы                        А. Атақаев

Аудан әкімдігінің және
      аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 22 қазандағы
N 545, 104 Бірлескен қаулы және
шешіміне қосымша

      Сызбаны қағаз жүзінде қараңыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады